Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстаннан оралды

Ауғанстанға барған Қазақстан ТЖМ күштері мен құралдары елге оралды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

Гуманитарлық миссияны орындау үшін жалпы 45 адам, оның ішінде ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, кинологиялық есептоптары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен фельдшерлері жіберілген болатын.

ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдері комитеті төрағасының міндетін атқарушы генерал-майор Ұларбек Әбікеевтің басшылығымен қазақстандық құтқарушылар жасағы қойылған міндеттерді абыроймен орындады.

Жер сілкінісі аймағынан оралған құтқарушыларды әуежайда әріптестері, туыстары мен жақындары қарсы алды.

Сонымен қатар «Lider.kz» қозғалысының волонтерлері құтқарушыларды кезекті рет қарсы алды. Олар Чарли, Джейкоб пен Евро атты құтқарушы иттерге медальдар дайындады.

Гуманитарлық миссияға қатысушыларды Қазақстан Республикасының ТЖ вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісов құттықтап, халықаралық құтқару операциялары біздің мамандарға өз кәсіби біліктілігін арттыруға және әртүрлі жағдайларда жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге көмектесетінін атап өтті.

Ауғанстандағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 83 жергілікті тұрғынға медициналық көмек көрсетіп, 211 үй фрагментінің үйіндісін бөлшектеді, Наиброфи елді мекенінде 700 қираған үйдің учаскесін тексерді. Құтқарушылар қайтыс болған 1 баланың денесін тауып, алып шықты.

Қатты шаңды дауылдан зардап шеккен 9 шатырлы қалашықтың орналасу орындарында тексеру жүргізілді.

Қазақстандық құтқарушылар Сияхан елді мекенінде толығымен қираған үйлердің астын да тексеріп, Чолк елді мекенінде үйінділерді бөлшектеу жұмыстарын жүргізді.

Құтқарушыларымыз елге оралар алдында Ауған билігі қазақстандықтарға жойқын жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.

«Біз Қазақстанның қиын сәтте көрсеткен көмегін ұмытпаймыз», — деп Ауғанстан мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Мохаджер Сахиб айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс озаттарына мемлекеттік наградалар табыстады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» акционерлік қоғамының бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады.

2 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанның бес қаласында 2 қарашада жаңбыр жауады, оның үшеуінде жаңбыр қарға ұласады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан мектептерінде қауіпсіздікке арналған жаңа курс енгізілді: кімдер оқиды?

2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде «Жеке қауіпсіздік» курсы өткізіліп жатыр.

Қазақстандықтар 2027 жылғы Жаңа жылда төрт күн қатарынан демалады 

Қаңтар айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтарды барлығы 13 демалыс күні күтіп тұр.

Алматының электр желілерінде жұмысшыларға арналған ақылды каскалар енгізілді 

Жаңа технология еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, өндірістік жарақаттану қаупін азайтуға мүмкіндік береді.