Қазақстандықтар 2024 жылы қанша күн демалады?

2024 жылы қазақстандықтарды 249 жұмыс күн және 117 демалыс күн күтіп тұр. Алдағы жылы жұмыс күндері ауыстырылмайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бес күн жұмыс істейтіндерге арналған күнтізбе:

Жаңа жылда демалыс аз ай — сәуір, бұл айда 22 жұмыс күн, 8 демалыс күн болады. Одан кейін ақпан, бұл жолы ақпанда 29 күн болады, оның ішінде 8 күн демалыс, бірақ 21-і — жұмыс күні.

Қазақстандықтар наурызда аз жұмыс істейді. Бұл айда барлығы 17 жұмыс күні және 14 демалыс күні болады.

2024 жылғы ең ұзақ демалыс қаңтар және наурыз айларында болады. Жаңа жылға орай 2023 жылғы 30 және 31 желтоқсанды қосқанда, 4 күн демалыс болады. Наурызда 8 наурызға орай қатарынан 3 демалыс күн және Наурыз мерекесіне орай 5 демалыс күн болады.

Шамамен 16 маусымда (нақты күнін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлі бекітпеген — еск.) қазақстандықтар Құрбан айтты тойлайды. Құрбан айт және православиелік Рождество сияқты діни мерекелер Қазақстанда демалыс күндері саналады, бірақ бұл екі күн де жаңа жылда жексенбіге сәйкес келеді.

Шілдеде Астана күні демалыс күніне сәйкес келуіне орай 3 демалыс күні күтіледі. Тамыз айында да Конституция күніне орай 3 демалыс күні болады. Ал қазан айында Республика күніне орай 3 күн, желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай 3 күн демалыс болады.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.