Қазақстандықтарға коммуналдық шығындар өтемақысын қалай алуға болатыны түсіндірілді

Аз қамтылған отбасылардың коммуналдық шығындарының бір бөлігі өтелмек. Үкімет бекіткен түзету болашақ тұрғын үй көмегін алушыларды қамтуды кеңейтуге және аз қамтылған азаматтарға қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет сайтына сілтеме жасап.

Биылдан бастап энергия көздерінің жабдықтарын кешенді жаңғырту, сондай-ақ электр, жылу, сумен жабдықтау және су тарту желілерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру басталды. Бұл апаттар санын азайтуға және жалпы ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«Ол аз қамтылған отбасыларға немесе азаматтарға коммуналдық қызметтер (жылу, электр және сумен жабдықтау, байланыс, лифт қызметі және т. б.) шығындарын өтеу үшін тоқсан сайын төленеді. Басты шарт – төлем алушының меншігінде Қазақстан аумағында бір ғана баспана болуы керек немесе ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан, жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған баспананы жалға алушы (тең жалға алушы) болуы тиіс», — делінген хабарламада.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азаматтарға тұрғылықты жері бойынша әкімдікке жүгіну қажет.

Биыл Үкімет енгізген өзгерістерге сәйкес, егер коммуналдық қызметтерге жұмсалатын сома отбасының немесе азаматтың бір айдағы жиынтық табысының 10 пайызынан асатын болса, тұрғын үй көмегі беріледі. Бұрын бұл көрсеткіш әр өңірге байланысты 2-20 пайыз аралығында болған. Бұл ретте әкімдіктер рұқсат етілген шекті деңгейді 10 пайыздан төмендетуге құқылы.

«Мысалы, егер отбасының немесе азаматтың бір айдағы жиынтық табысы 100 мың теңге, ал коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығыны 15 мың теңге (табыстың 10 пайыздан астамын) болса, онда азаматтың жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтем алуға құқығы бар», — делінген хабарламада.

Жалпы соңғы 4 жылда 174 мыңнан астам абонентке тұрғын үй көмегі үшін жалпы сомасы 5 миллиард теңге төленгені айтылды. Ал биыл 6 айда 31 мың отбасына 630,5 миллион теңгеге көмек көрсетілген.

Осылайша, коммуналдық қызметтер тарифтері көтерілген жағдайда өтемақы да ұлғаяды, яғни аз қамтылған азаматтардың шығындары ұлғаймайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.