Қазақстанда өзін-өзі қорғау үшін қандай қару қолдануға рұқсат?

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзін-өзі қорғау үшін қолдануға рұқсат қарулар тізімі бар екенін білесіз бе? Бірақ, суық қару қолданудың арнайы ережелері бар екенін ескерген жөн. Ол қандай ережелер? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.

Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы 5-бабына сәйкес азаматтық қаруға Қазақстан Республикасы азаматтары коллекциялау, экспонаттау, өзін-өзі қорғау, спортпен, аң аулаумен шұғылдану мақсатында, сондай-ақ білім беру және мәдениет ұйымдары білім беру және мәдени мақсаттарда пайдаланатын қару жатады. Азаматтық атыс қаруы (оқсыз атылатын қаруды қоспағанда) оқты түйдектете атылмауы тиіс.

Өзін-өзі қорғау үшін қолдануға рұқсат етілген қарулар: 

тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы;
газды қару – газды пистолеттер, револьверлер және олардың патрондары, механикалық тозаңдатқыштар, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозольды және басқа да құрылғылар;
электрлі қару – зақымдағыш қасиеті электр энергиясын пайдалануға негізделген, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға рұқсат берген қару және өзге де заттар; 

Заңгер Сағидолла Баймұрат Желідегі парақшасында өзін-өзі қорғау қаруларын қолданудың ережелерінің қандай екенін түсіндірген.

«Бұлардың әрқайсысын қолдануға ішкі істер органдарының рұқсаты керек. Рұқсат болмаса, сатып ала алмайсың, қолдана алмайсың. Жақсы рұқсатың бар делік, дайындықтан өттің, есің дұрыс екенін дәлелдедің, әрі қарай қалай? 

Арнайы азаматтық қаруларды қолдануының ережелері бар.

ҚР азаматтарына қажетті қорғаныс немесе аса қажеттілік жағдайында өмірді, денсаулықты және мүлікті қорғау үшін өздерінің заңды сақталуындағы қаруды қолдануға жол беріледі. Оның үстіне қаруды қарсы қолданатын адамға алдын-ала нақты ескерту беріледі. Ия, қылмыс жасау мен жасамау арасында ескертетін сәт болса, тоқта, тоқтамасаң атам деп айғайлап жіберуге болады. Тоқтамаса, батыл ата бер. Бірақ, бұл жерде өте мұқият болу керек. Атыс қаруынан келтірілген зиян өлімге алып келуі мүмкін, сол үшін қылмыс жасайын деп жатқан жерден қылмыскерді ұстап алсаң, атыс қарумен басынан атпаған жөн деп ойлаймын. Мүмкіндігінше, тоқтататындай ату керек. Себебі, басынан атып өлтіріп алсаңыз, жасамақшы қылмысы адам өліміне әкелмейтіндей болса, сіздің сотталып кетуіңіз мүмкін», — деді ол.

Мұндай ереже ҚР Қылмыстық кодексінің 32-бабында қарастырылған. Яғни, қолсұғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтiрiлетiн, қолсұғушылықтың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесiне қорғанудың анық сай келмеуi қажеттi қорғаныс шегiнен шығу деп танылады. Шектен шығу қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. 

Ал енді азамат қорғану кезінде қажетті қорғаныс шегінен шығып кетсе, ҚР Қылмыстық кодексінің 102 бабы бойынша, қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтiру — 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

«Ең бастысы, қаруды қылмыскерді қасақана өлтіремін, зиян келтіремін деп қолданбаған жөн. Тоқтату үшін қолдан!», — дейді заңгер.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.