Қазақстанда қанша ер адам неке құрғанда әйелінің тегін алды?

Некеде тұрғанда әйелі ғана емес, ерлі-зайыптының екеуі де бір-бірінің фамилиясын ала алады. Жыл басынан бері қанша қазақстандық жігіт осындай мүмкіндікті пайдаланды — Tengrinews.kz материалында.

Әділет министрлігі мәліметінше, биыл жыл басынан бері 164 ер адам некеге тұрғанда жұбайының тегін ортақ тегі ретінде таңдаған.

Дегенмен, төлқұжат деректерін өзгертудің жалғыз себебі неке құру емес. Министрліктің Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында әрбір қазақстандық 16 жастан бастап атын, әкесінің атын және тегін өзгертуге өтініш бере алады.

Заңнамада мұндай қадамға келесі дәлелді себептер көрсетілген:

  • атының, әкесінің атының, тегінің ыңғайсыздық тудыруы;
  • атын, әкесінің атын, тегін айту қиындығы;
  • егер некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тегі қалса немесе жұбайы (зайыбы) некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркегеннен кейін тегін басқасына ауыстырса, жұбайының (зайыбының) жұбайымен (зайыбымен) ортақ тегі болуға тілегі;
  • егер некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде бұл туралы мәлімделмесе, некеге дейінгі тегін алып жүруге ниет;
  • бұрынғы некеден (ерлі-зайыптылықтан) балалармен ортақ фамилия болғанын қалау;
  • жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейінгі фамилиясын алу ниеті;
  • жұбайы қайтыс болған жағдайда және егер өтініш беруші некеге дейінгі фамилияда болса, балалармен ортақ фамилия болуын қалау;
  • ата-анасының біреуінің (ата-анасының әртүрлі ұлты кезінде) өтініш беруші таңдаған ұлтына сәйкес келетін атын және (немесе) тегін алып жүруге тілек білдіру;
  • құжаттардағы атаудан өзгеше өмірде қалыптасқан есімді рәсімдеу ниеті;
  • егер некеге тұру (ерлі-зайыптылық) кезінде жұбайының тегі қабылданса, некеге дейінгі тегін алып жүруге ниет;
  • ұлттық дәстүр бойынша әкесінің немесе атасының есімімен фамилиясын алғысы келсе;
  • өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі және аты бойынша тегін және (немесе) әкесінің атын алуға ниет білдірсе;
  • жынысы хирургиялық өзгерген кезде таңдалған жынысқа сәйкес келетін есімді, әкесінің атын, тегін алуға ниет білдіру;

Ата-анасы немесе қамқоршылар баланың атын және/немесе тегін өзгертуге өтініш бере алады. Бұл жағдайда, егер ол сол кезде он жаста болса, оның келісімі қажет.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.

Время перемен и ответственности

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, БЛАГОСОСТОЯНИЕ ГРАЖДАН, РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ И ПРАВОВЫЕ ГАРАНТИИ СТАЛИ ГЛАВНЫМИ ТЕМАМИ ОБСУЖДЕНИЯ ПОСЛАНИЯ. ЕГО ПОЛОЖЕНИЯ ПОЛУЧИЛИ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ОЦЕНКИ СО СТОРОНЫ КАЗАХСТАНСКИХ ЭКСПЕРТОВ И ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ, А ТАКЖЕ ВЫЗВАЛИ ИНТЕРЕС ЗАРУБЕЖНОГО ЭКСПЕРТНОГО СООБЩЕСТВА.