Қазақстанда кімдерге несие беруге тыйым салынуы мүмкін?

Парламент депутаттары несие берудегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқығын қорғау мәселелерін реттейтін заң жобасын әзірледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Савельева құжат депутаттардың бастамасымен әзірленгенін жеткізді.

Заң жобасы мыналарды көздейді:

  • Кредит төлеу мерзімі өтіп кеткенде азаматтарға жаңа тұтынушылық несие беруге тыйым салу;
  • 90 күн өткеннен кейін барлық кредит бойынша сыйақы есептеуге тыйым салу;
  • Банктердің және МҚҰ-ның коллекторлық агенттіктерге азаматтардың несиесін сатуды шектеу;
  • Коллекторлық агенттіктердің сатып алған берешекті реттеуді жүргізу міндетін енгізу;
  • Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі НҚА сәйкес тұтынушылық қарыздың мерзімі, сомасы және өзге де шарттары бойынша шектеулерді белгілеу;
  • Балалары бар отбасыларды жылыту маусымында жалғыз баспанасынан шығаруға тыйым салу;
  • Өндіріп алу нәтижесінде банктің меншігіне өткен тұрғын үйді бұрынғы иесіне (қарыз алушыға) жалға беруге мүмкіндік беру;
  • Төлем талабын қойған кезде банк шотында кемінде 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі (99 мың теңге) мөлшерінде ақшаны сақтау;
  • Кредит алудан ерікті түрде бас тартқан жағдайда азаматтардың кредиті бойынша борышты есептен шығару.

«Бұл Қылмыстық кодекс және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске қатысты: Жеке деректерді сатқаны, абоненттің нөмірін ауыстырғаны және абоненттік нөмірді басқа тұлғаларға заңсыз бергені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті белгілеу. Депутаттар бастамашылық еткен заң жобасы бойынша Үкіметтің қорытындысы биыл 12 қарашада алынды.

Бастамалардың көпшілігі қолдау тапты. Бірақ кейбір тұжырымдамалық ұстанымдар бойынша, атап айтқанда коллекторлық компанияларға қарыздарды сатуға тыйым салу бойынша Үкімет балама ұстаным ұсынды. Бірақ мұнымен депутаттар келіспей отыр», — деді депутат Татьяна Савельева Мәжілістің жалпы отырысында.

Қаржы және бюджет комитеті бұл заң жобасын қарап, ол бойынша қорытынды әзірлеуге дайын. Бұдан кейін Мәжілісте құжат таныстырылады.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.

Время перемен и ответственности

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, БЛАГОСОСТОЯНИЕ ГРАЖДАН, РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ И ПРАВОВЫЕ ГАРАНТИИ СТАЛИ ГЛАВНЫМИ ТЕМАМИ ОБСУЖДЕНИЯ ПОСЛАНИЯ. ЕГО ПОЛОЖЕНИЯ ПОЛУЧИЛИ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ОЦЕНКИ СО СТОРОНЫ КАЗАХСТАНСКИХ ЭКСПЕРТОВ И ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ, А ТАКЖЕ ВЫЗВАЛИ ИНТЕРЕС ЗАРУБЕЖНОГО ЭКСПЕРТНОГО СООБЩЕСТВА.