Қазақстанда коронавирусқа қатысты шектеулер ресми түрде алып тасталды

COVID-19 пандемиясының аяқталуына байланысты шектеу шаралары туралы қаулылардың күші ресми түрде жойылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі сайтына сілтеме жасап.

ДСМ мәліметінше, бас мемлекеттік санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойған. Ол — «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы».

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 пандемиясының аяқталуыҚазақстанда және әлемде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуы туралы хабарлауына байланысты, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ Ashyq жобасында халық арасында коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі шектеу шараларын көздейтін Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік санитария дәрігері қаулыларының күші жойылды«, — делінген хабарламада.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сайтында танысуға болады.

Бұл ретте, ДСМ COVID-19 коронавирус инфекциясы жойылмағанын хабарлады.

«Вирустың таралуы жалғасып жатыр, бірақ аурудың салыстырмалы түрде жеңіл ағымын ескере отырып, кейіннен халықтың сырқаттанушылығын бақылау басқа вирустық инфекциялармен қатар тұрақты негізде жүзеге асырылады», — делінген хабарламада.

Қазақстанда ішкі туризм жеті жылда екі есе өсті – Туризм министрлігі 

Қазақстанда соңғы жеті жылда ішкі туристер саны 8,5 миллионға жетіп, мемлекеттік бюджетке 630 миллиард теңге табыс әкелді.

Елімізде тұмауға қарсы вакцинация басталды. Кімдерге тегін салады?

Вакцинация ең алдымен тұмауды жұқтыру немесе аурудың асқыну қаупі жоғары азаматтарды қамтиды. Екпе медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін жасалады.

Жер сілкінісі, су тасқыны мен өрттен баспананы сақтандыру: Тұрғын үй иелері нені білуі керек? 

Жер сілкінісі, су тасқыны немесе өрт сияқты төтенше жағдайлар тұрғын үйге орасан шығын келтіруі мүмкін. Мұндай тәуекелдерден қорғанудың бір жолы – баспананы сақтандыру.

Қазан айында ауа райы қандай болады? – Синоптиктер болжамы 

«Қазгидромет» болжамы бойынша, елдің басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 °C жоғары болады.

Алматыда көмір жағуға тыйым салынады: жаңа ереже қашан күшіне енеді?

Алматыда газ берілген аумақтардағы жеке үйлер мен моншаларда көмір, ағаш және басқа да қатты әрі сұйық отынды пайдалануға шектеу енгізіледі. Жаңа талап 2026 жылғы 30 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.