Қазақстанда жемқор шенеуніктердің ақшасына қанша мектеп салынып жатыр?

Қазақстанда жемқор шенеуніктердің ақшасына қанша мектеп салынып жатқаны белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет мәліметінше, қор құрылғалы бері жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаражатпен толықтырылған. Былтырғы желтоқсаннан бері 151,6 миллиард теңге түскен.

«Бүгінде қордың арқасында бірқатар облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76 мың оқушыға арналған (екі ауысымдық) 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды», — деді баспасөз қызметі.

Реклама

Қордың қызметі үш ауысымда оқытуды, апатты жағдайдағы білім беру мекемелерінің проблемаларын және жалпы алғанда, мектептерді, кеңейтулерді және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы оқушылар орны жетіспеушілігін жоюға бағытталғаны атап өтілді.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...