Қазақстанда жаңа декларация үлгісі енгізіледі: не өзгереді?

Қазақстанда жаңа декларация үлгісі енгізіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әңгіме 270.00 үлгісіндегі декларация туралы.

Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілетін мәліметтердің тізімі қысқартылған.

«Төлем көзінен салық салынатын кірістерді (жалақы, депозиттер бойынша сыйақылар, зейнетақы төлемдері және басқалары) және Қазақстан Республикасында тіркелген мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару және (немесе) өтеусіз алу туралы ақпаратты көрсету қажеттілігі алып тасталды», — деп хабарлады МКК.

Сонымен қатар, кірістер мен мүлік туралы декларацияда (270.00-үлгі) мүлікті сатып алу бойынша шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсету міндеті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген жеке тұлғаларға ғана жүктеледі, атап айтқанда:

  • жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын тұлғалар және олардың жұбайлары;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және олардың жұбайлары;
  • лауазымды тұлғалар мен олардың жұбайлары;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары.

«Қазіргі уақытта кірістер мен мүлік туралы декларацияға (270.00-үлгі) және оны жасау қағидаларына өзгерістер енгізіліп жатыр, бекітілгеннен кейін 270.00-үлгі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелеріне енгізіледі. Бұл ретте, кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына байланысты, ағымдағы 270.00-үлгі бойынша міндеттемеңізді орындауға құқығыңыз бар», — деп толықтырды Мемлекеттік кірістер комитеті.

Білу маңызды: егер 2024 жылы «қабылданды» және «орналастырылды» мәртебесі бар кірістер мен мүлік туралы жарамды декларация (270.00-үлгі) ұсынылса, 270.00-үлгі бойынша декларацияны қайта тапсырудың қажеті жоқ.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.