Қазақстанда дизельдің қанша уақытқа жететін қоры бар?

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға арналған үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дизельдің қанша уақытқа жететін қоры бар екенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Сәтқалиевтің айтуынша, дизель отынының жалпы қоры 370 мың тоннаға дейін ұлғайған, бұл елдің 21 тәуліктік қажеттілігін өтеуге жеткілікті. Тұтастай алғанда, нарықтық экономикаға қарай қабылданған бағдар мұнай өңдеу зауыттарының техникалық қайта жарақталуы мен сенімділігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Еске салайық, 2023 жылдың 12 сәуірінде Энергетика министрлігінің Қазақстанда бензин мен дизель отынының шекті бөлшек сауда бағасы туралы бұйрығы күшіне енген болатын.

Құжатқа сәйкес шекті бағалар:

  • АИ-92 және АИ-93 бензиндері үшін – литріне 205 теңгеге дейін;
  • дизель – литріне 295 теңгеге дейін.

Между угрозой и трагедией 

УБИЙСТВА ЖЕНЩИН, СОВЕРШЕННЫЕ СУПРУГАМИ, СТАВЯТ ВОПРОС О ТОМ, НАСКОЛЬКО ЭФФЕКТИВНО В КАЗАХСТАНЕ РАБОТАЕТ СИСТЕМА ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ СЕМЕЙНО-БЫТОВОГО НАСИЛИЯ. ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО УЖЕСТОЧАЕТСЯ, ПОЛИЦИЯ ВЫНОСИТ ТЫСЯЧИ ЗАЩИТНЫХ ПРЕДПИСАНИЙ, ОДНАКО ТРАГЕДИИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ. ДЕПУТАТЫ ПРЕДЛАГАЮТ НОВЫЕ СПОСОБЫ ВМЕШАТЕЛЬСТВА НА РАННЕЙ СТАДИИ – КОГДА УГРОЗЫ И ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЕЩЕ МОЖНО ОСТАНОВИТЬ.

Елімізде жүк көліктері үшін жол ақысы өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда коммерциялық жүк көліктерінің жол ақысын төлеу жүйесін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қандас мәртебесін алғысы келетіндер нені білуі керек? 

Қазақстанға көшуді жоспарлаған этникалық қазақ қандас мәртебесіне өтініш беруді неден бастайды? Биылғы пилоттық тәртіп бойынша алдымен қазақ тілінен тест тапсырып, сауалнама толтыру және әңгімелесуден өту қажет.

Мұнай бағасы апта қорытындысы бойынша күрт арзандауы мүмкін 

Brent маркалы мұнай бағасы бір аптада шамамен 12%-ға төмендеуі ықтимал.

Су тапшылығы: Қазақстанға қауіп бар ма? 

Қазақстанда су тапшылығы қаупі қаншалықты жоғары және алдағы жылдары елді қандай жағдай күтіп тұр?