Қазақстанда вейп үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін

Мәжіліс Қазақстанға вейп әкелуге, өндіруге және сатуға толық тыйым салатын заң қабылдады. Құжатта тәртіпбұзушыларға қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда вейптерді заңсыз айналымға жібергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған:

  • вейп сатқаны үшін ең ауыр жаза — 50 тәулікке дейін қамауға алу;
  • әкелу және тарату үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
  • қылмыстық топ жасаған не аса iрi мөлшерде не бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекеттер үшiн — 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сонымен қатар, медициналық қызметкерлерге емделушінің жеке ерекшеліктеріне қарай емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау мүмкіндігін беру үшін медициналық көмек көрсету кезінде міндетті түрде клиникалық хаттаманы қолдану алып тасталды.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.