Қазақстанда баланың аты-жөнінде әкесінің аты орнына анасының атын жазуға бола ма?

Биыл көрші Қырғызстанда баланың аты-жөнінде әкесінің аты орнына анасының атын жазуға рұқсат заңдастырылып, содан кейін жойылды. Бұл туралы Қазақстан заңнамасында не қарастырылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділет министрлігінің Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, еліміздің қолданыстағы неке-отбасы заңнамасы жеке куәлікте баланың толық аты-жөнінде әкесінің атын жазуды қарастыратыны көрсетілген.

«Азаматтық кодекстің 63-бабына сәйкес баланың жеке куәлігіне атын, әкесінің атын және тегін жазу құқығы бар. Баланың атын ата-анасы, олардың келісімімен немесе баланың өзге де заңды өкілдері қояды. Әкесінің аты, ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша оның әкесі деп көрсетілген адамның аты көрсетіледі», — деді Әділет министрлігінде.

Осылайша, Қазақстанда бүгінде баланың жеке куәлігіне анасының атын жазуға заңды негіз жоқ.

Бұл ретте министрлік баланың тууы туралы жазбаға әкесінің атын енгізу міндетті емес екенін хабарлады.

«Ұлты қазақ адамдардың аты-жөнін әкесінің аты тегін ауыстырған кезде тәртіппен жазуға рұқсат етіледі, ол бірінші тұруы керек, содан кейін аты, ал әкесінің аты қалауынша жазылады. Әкесінің аты тегін -ұлы, -қызы жалғауларымен ауыстырған жағдайда, әкесінің аты жазылмайды», — деп толықтырды Әділет министрлігі.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.

Время перемен и ответственности

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, БЛАГОСОСТОЯНИЕ ГРАЖДАН, РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ И ПРАВОВЫЕ ГАРАНТИИ СТАЛИ ГЛАВНЫМИ ТЕМАМИ ОБСУЖДЕНИЯ ПОСЛАНИЯ. ЕГО ПОЛОЖЕНИЯ ПОЛУЧИЛИ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ОЦЕНКИ СО СТОРОНЫ КАЗАХСТАНСКИХ ЭКСПЕРТОВ И ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ, А ТАКЖЕ ВЫЗВАЛИ ИНТЕРЕС ЗАРУБЕЖНОГО ЭКСПЕРТНОГО СООБЩЕСТВА.