Қазақстандағы «ең бай зейнеткер» қанша алады?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшерін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БЖЗҚ мәліметінше, 2023 жылы БЖЗҚ салымшыларына 591,3 миллиард теңге төлеген. Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту және емделу мақсатындағы біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) — 284 миллиард теңге болса, жасына байланысты төлемдер – 150,6 миллиард теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар — 54 миллиард теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 52,6 миллиард теңге, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер — 39,8 миллиард теңге, жерлеуге берілетін төлемдер — 7,5 миллиард теңге және мүгедектік бойынша төлемдер — 2,8 миллиард теңге.

«Атап кету керек, зейнет жасына толуға байланысты БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы — 32 202 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы — 742 692 теңге. Еске салайық, былтырғы сәйкес кезеңіндегі БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы төлемнің орташа сомасы — 29 973 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңге болды», — делінген хабарламада.

2024 жылғы 1 қаңтарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 17,9 триллион теңге зейнетақы жинақтары болған. 2023 жылы жинақ сомасы 3,2 триллион теңгеге немесе 21,8 пайызға ұлғайғаны айтылды.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 12,3 миллионға жеткен.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...