ШҚО да сотталған ем алуда

17 мекемесінде 3 топ мүгедектігі бар сотталған Н. Алматы қаласындағы А.Н.Сызганов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына реконструктивті қалпына келтіру отасын жасау үшін жолданды.

Сотталған Н. тергеу барысында өзінің қылмыстық ісімен келіспей сірке суын ішіп өңешін күйдірген еді.
Жаза өтеу барысында сотталғанның тамақ ішуі, тіптен су ішуі мүмкін емес еді. Сол себепті аталған сотталған үнемі дәрігерлердің қарауында болды. Ем қонбайтынын ескере отырып, ота жасау қажеттілігі туындады. Мекеме әкімшілігі мен дәрігерлердің ізденісі арқасында сотталғанды Алматы қаласындағы А.Н. Сызганов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында ота жасау үшін тексеруден өтіп жатыр.

“Сотталған мекемеге келген күннен бастап денсаулық жағдайы өте ауыр болды. Өздігімен тамақ іше алмайтын. Кей- кездері басы айналып құлап қалатын. Шаиамыз келгенше көмектестік. Бірақ ота жасау қажеттілігі күннен күнге күшейе берді. Сол себепті А.Н.Сызганов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына денсаулығын тексеріп, ота жасау қажет екендігі жайлы хат жолдадық. Бүгінгі күні сол орталықта тексеріліп, ем алып жатыр” деп атап өтті медицина бөлімшесінің меңгерушісі Мұхаметкалиев Р.С.
“Мекеме әкімшілігіне және осы мекемеде қызмет атқарып жүрген ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз” деді сотталған.
Еске салсақ, #17 мекемеде 850 астам сотталған жазасын өтеуде.

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...

Амал мерекесі аталып өтті

Амал күні (Көрісу) – 14 наурызда тойланатын, қыстан аман-есен...

15 наурыз – Қайырымдылық күні

Бүгін Наурызнама аясында Қайырымдылық күні аталып өтеді. Бұл –...

Семейные ценности и ответственность — основа будущего

В учреждении минимальной безопасности в Семей Абайская область был...

Ұлттық салт-дәстүр – ұрпақ сабақтастығы

16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай...