21.07.2023жыл Шымкент қаласы және Түркістан облыс бойынша ҚАЖД 54 мекемесінің өндірістік аймағынан жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнес субьектілерін тарту, сотталғандарды ақылы еңбекпен қамту және мекеме аумағында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерге шешімін таппай жатқан мәселелері бойынша көмек көрсету бойынша жедел кеңесі өтті. Дөңгелек үстелге қатысқандар: Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма бастығы Ғалым Жанабаев, басқарма аға прокуроры Ғалым Беркинбаев, Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД СЕҰ тобының бас маманы әділет подполковнигі Ботакөз Нурбекова, РМК “Еңбек-Шымкент” филиалының директоры Мария Алимкулова, 54 мекеме бастығынын міндетін атқарушы әділет подполковнигі Нұрлан Даненов, Атамекен кәсіпкерлер палатасы бастығының орынбасары Бауыржан Бердалиев, 6698 әскери бөлімінің взвод командирі Жантөре Нұрғали және жеке кәсіпкерлер өкілдері келді. Шешімін таппай жүрген өзекті мәселелер талқыланды.


