Шетелдік көлігін заңдастыруға үлгермегендер не істеуі керек? ІІМ жауабы

Енді шетелдік нөмірлі көлігін заңдастыруға үлгермеген жүргізушілер жалпы шарттар бойынша тіркелуі керек, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, заңдастыру аясында Қазақстанда 304 мыңнан аса автокөлік тіркелсе, оның 21 мыңы автоконструкторлар, 55 мың автокөлік уақытша тіркеуге қойылған.

«Заңдастырылмаған шетелдік көліктерге келетін болсақ, олар техникалық және экологиялық талаптарға сай болса, барлық қажетті алымды төлей отырып, әдеттегі тәртіпте тіркелуі керек.

Сонымен қатар, көлік иелеріне белгіленген тәртіппен тіркелмеген көліктерді пайдалану әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз», — деді ІІМ.

Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру былтырғы қаңтарда басталған. Өтініштер шілдеге дейін қабылданып, 2023 жылдың аяғына дейін қаралды. Осы уақыт ішінде көлік иелері 200 мың теңге утильалым және тіркеу сомасын төлеп, көліктерін тіркей алды. Полицейлер 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген көліктерді тіркеді.

ІІМ акцияның бір реттік шара екенін, заңдастыру мерзімін ұзарту жоспарда жоқ екенін баса айтты.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...