«Тәрбие тұғыры-имандылық» тақырыбында іс-шара өтті

Бүгін А.С.Пушкин атындағы қалалық орталық кітапханасында «Тәрбие тұғыры-имандылық» тақырыбында іс-шара өтті.Осы шараға Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 37 мекемесіндегі жазасын өтеушілер қатысты. Шараны кітапхана қызметкері Данагүл Төлендиева ашып, шараға арнайы шақырылған қонақтармен және кітап көрмесімен таныстырды. Көрмедегі тәрбиелік мәні бар кітаптармен діни кітаптар ға қысқаша шолу жасады. Одан әрі «Ақиқат нұры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Маратбек Нұртайұлы сөз алып, адамгершілік, имандылық, отбасы,бала тәрбиесіне кеңінен тоқталып, ата-дәстүрімізді жаңғыртар иманды,еліне адал қызмет жасайтын ұрпағымыз көбейсе, имандылық ең басты адамның адам болмысын білдіретін үлкен құндылыққа айналары сөзсіз деп,жастарды имандылыққа шақырды. Шара соңында жазасын өтеушілер де көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасып,тұшымды жауаптарын алды.
Бүгінгі кездесуден жақсы әсер алдым. Маратбек ағамыздан көп мәлімет алдық.Әрбір адам рухани бай болса жаман әдеттерден бойын аулақ ұстайды. Өзім де жастықпен шалыс бастым.Жазамды өтеп жатырмын.Бүгінгі кездесуде ойымыз серігіп, еркін пікір алмастық. Осындай кездесулерді мекеме әкімшілігі жиі ұйымдастырады. Алғысымыз шексіз «,-деді сотталған азамат.

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...

Амал мерекесі аталып өтті

Амал күні (Көрісу) – 14 наурызда тойланатын, қыстан аман-есен...

15 наурыз – Қайырымдылық күні

Бүгін Наурызнама аясында Қайырымдылық күні аталып өтеді. Бұл –...

Семейные ценности и ответственность — основа будущего

В учреждении минимальной безопасности в Семей Абайская область был...

Ұлттық салт-дәстүр – ұрпақ сабақтастығы

16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай...