Түркістандық жігіт заңды бұзып қайта қамауға алынды

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасасты Түркістан қалалық пробация қызметінің есебіне түрған Ерхан есімді азамат сот жүктеген міндетті біле тұра, заңды қаскөйлікпен бұзып, жазасының өтелмеген бөлігін темір торда өтейді.

Пробация қызметінің бақылауына алынған бас бостандығынан шектеу жазасына тартылғанғандардың арасында заңды қаскөйлікпен бұзып абақтыға қамалатындар жиі кездеседі. Өздеріне берілген санаулы мерзімді бостандықта жүріп өтей алмай, қамауға алынатыны өкінішті-ақ.

Қамауға алынған азаматтар жастар болса түсіністікпен қарауға болар еді. Ал, отыздан асқан азаматтың құқық бұзушылыққа барғаны әрине өкінішті. Балалары мен інілеріне ақыл айтып отыратын азаматың сот жүктеген міндетке салғырт қарайтыны қынжылтады.

— Түркістан қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азамат жаза өтеу шарттарымен Сот жүктеген міндеттерді біле тұра Ресей Федерациясына шекара арқылы өтпекші болғаны үшін, Түркістан облыстық сотымен бас бостандығын шектеу түріндегі жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды. Бұл азаматқа пробация қызметіне тіркеуге алынған күні сот жүктеген міндеттер түсіндірілген болатын. Егер заңға бағынбаған жағдайда сот бойынша қамауға алынатыны да ескертілді. Өкінішке, орай бұл азамат заң талаптарын орындамай, Ресей мемлекетіне өтпекші болған. Пробация есебіне тіркелген азамат өзіне заң бойынша жүктелген міндеттерді бұзбағаны дұрыс. Өзінің жасаған қылмыснан сабақ алғаны абзал. Өзінің артынан ерген ізбасарларына әрбір әке үлгі болуы қажет. Себебі, әрбір бала біздің болашағымыз, — деді Түркістан қалалық ПҚБ-нің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Абдуали Мұхамбетқалиев.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты жиырмаға жуық пробация қызметі бар. Бір пробацияда кем дегенде жүзге жуық сотталған есепте тұр.

Есептегі сотталған адамдар арасында әртүрлі мінез-құлықты адамдар кездеседі, бірі қылмыс жасағанына өкініп, қылмыспен келтірген залалдың орнын толтырып, түзелу жолына түскен азаматтар болса, енді бірі тәртіпке бағынбай, сот жүктеген міндеттерді атқармай, жаза өтеу ережелерін қаскөйлікпен бұзатын сотталған азаматтарда кездеседі.

Өзінің қателігін қайта жасап, қатаң жазаға тағайындалатын адамдар кездесіп жатады. Осындайда, Түркістан қалалық пробация қызметіне тіркеуге алынып, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған азаматтың қателігін өзгелер қайта қайталамасын деген оймен оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Отызда орда бұзар жастан асқан азаматтың қателікке бой алдырып Түркістан қалалық сотының шешімімен пробация бақылауына алынған болатын. Бұл азамат қалалық пробация қызметіне тіркеуге алынған күні ПҚБ-нің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Абдуали Мұхамбетқалиев сот жүктеген міндеттерді түсіндірді. Сондай-ақ, ол жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан көрші Ресей мемлекетіне өтпекші болған. Бұл сотталған азаматтың алдағы уақытта қылмыс жасауының алдын алу үшін және де өзінің жасаған әрекетінен сабақ алу мақсатында, пробация қызметінің инспекторы қалалық сотқа ұсынысы жіберді. Әділет инспекторының ұсынысы қанағаттандырылып  Ерхан есімді азамат қалған өтелмеген бөлігін енді темір торда өтейді.

Раушан НАРБЕК

Түркістан облысы

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...

Амал мерекесі аталып өтті

Амал күні (Көрісу) – 14 наурызда тойланатын, қыстан аман-есен...

15 наурыз – Қайырымдылық күні

Бүгін Наурызнама аясында Қайырымдылық күні аталып өтеді. Бұл –...

Семейные ценности и ответственность — основа будущего

В учреждении минимальной безопасности в Семей Абайская область был...

Ұлттық салт-дәстүр – ұрпақ сабақтастығы

16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай...