Түркия мен Сириядағы зілзала: құрбандар саны артып, тірі адамдарды табу мүмкіндігі азайып барады

Түркия мен Сириядағы 7,8 балдық жер сілкінісінен кейін қаза тапқандар саны 28 191-ге жетті. БҰҰ құрбандар саны екі есе артуы мүмкін деп қауіптенеді6 — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Ресми өкілдер мен дәрігерлер мәліметінше, Түркияда 24 617 адам, Сирияда 3 574 адам қаза болған.

Бұл ретте, 11 ақпанда жер сілкінісінен ең көп зардап шеккен Түркияның Кахраманмараш провинциясына келген БҰҰ бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Мартин Гриффитс қаза болғандар саны «екі есе, тіпті одан да көп болады» деген пікір білдірді. Гриффитстің айтуынша, бұл кезеңде қандай да бір баға беру қиын, өйткені дүмпу әсерінен қираған үйінділерді сұрыптау қажет.

Үйінді астынан тірі жанды табу мүмкіндігі уақыт өте азайып барады. Түрік билігі автотұрақтарда, стадиондар мен спорт залдарында уақытша мәйітханалар құрды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамынша, апаттан Түркия мен Сирияда 26 миллион адам зардап шегуі мүмкін.

«Экономикалық шығындарды бағалау қиын», өйткені жағдай өзгереді, бірақ олар 2 миллиард доллардан асып, 4 миллиард долларға жетуі мүмкін, деп жазды Fitch Ratings.

Сарапшылар пікірінше, жойқын жер сілкінісі Режеп Тайып Ердоғанның 14 мамырда Түркия президенті болып қайта сайлану жоспарын бұзу қаупі бар. Нәтиже оның әрекеттерінің жылдамдығына байланысты болады.

«Teneo халықаралық консалтингтік компаниясының сарапшысы Вольфанго Пикколи: «Төтенше жағдайға тиімді әрекет ету мемлекет басшысының және оның Әділет және даму партиясының ұстанымын нығайта отырып, ұлттық ынтымақ сезімін оята алады», — деді. «Егер жер сілкінісіне қарсы әрекет сәтті болмаса, Ердоған мамырда өтетін сайлауда жеңіліп қалуы мүмкін», — деп болжады ұлыбританиялық Foreign Policy Centre талдау орталығындағы Эмре Калискан.

Между угрозой и трагедией 

УБИЙСТВА ЖЕНЩИН, СОВЕРШЕННЫЕ СУПРУГАМИ, СТАВЯТ ВОПРОС О ТОМ, НАСКОЛЬКО ЭФФЕКТИВНО В КАЗАХСТАНЕ РАБОТАЕТ СИСТЕМА ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ СЕМЕЙНО-БЫТОВОГО НАСИЛИЯ. ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО УЖЕСТОЧАЕТСЯ, ПОЛИЦИЯ ВЫНОСИТ ТЫСЯЧИ ЗАЩИТНЫХ ПРЕДПИСАНИЙ, ОДНАКО ТРАГЕДИИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ. ДЕПУТАТЫ ПРЕДЛАГАЮТ НОВЫЕ СПОСОБЫ ВМЕШАТЕЛЬСТВА НА РАННЕЙ СТАДИИ – КОГДА УГРОЗЫ И ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЕЩЕ МОЖНО ОСТАНОВИТЬ.

Елімізде жүк көліктері үшін жол ақысы өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда коммерциялық жүк көліктерінің жол ақысын төлеу жүйесін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қандас мәртебесін алғысы келетіндер нені білуі керек? 

Қазақстанға көшуді жоспарлаған этникалық қазақ қандас мәртебесіне өтініш беруді неден бастайды? Биылғы пилоттық тәртіп бойынша алдымен қазақ тілінен тест тапсырып, сауалнама толтыру және әңгімелесуден өту қажет.

Мұнай бағасы апта қорытындысы бойынша күрт арзандауы мүмкін 

Brent маркалы мұнай бағасы бір аптада шамамен 12%-ға төмендеуі ықтимал.

Су тапшылығы: Қазақстанға қауіп бар ма? 

Қазақстанда су тапшылығы қаупі қаншалықты жоғары және алдағы жылдары елді қандай жағдай күтіп тұр?