12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тіл – асыл қазына

«Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады»

А.Байтұрсынұлы.

      Тіл  қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, қасиетті. Ол әрбір адамға ана сүтімен қалыптасады. Тіл байлығы – сөздік қор әрбір елдің мақтанышы. Тіл – ұлттың жаны.  Мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі  қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай-ақ, мемлекеттік  мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр. Сондықтан ана тіліміздің мәртебесін биіктетуге, қолданыс аясын кеңейтуге әрбір қазақстандық үлес қосуы қажет.

      Тіл тағдыры ел тағдырымен тікелей байланысты. Ел қамын сәт сайын  санасында сақтайтын  әр адам тіл тағдырын да ұмытпауға тиіс. Өйткені, тіл сатып алып меншіктейтін мүлік емес, ол мыңдаған жылдар бойы  қалыптаса келіп,  белгілі бір этностың  тілін түзеп,  ұлтты туындатады.  Ал, тілдің өлуі бүтін бір ұлттың өшуі болмақ.

        Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейе түсті. Қазақ тілі қайта жаңғырып, жаңа сипатқа ие болды. Қоғамда тіл тағдырына деген түсіністік орныға бастады.

        Тәуелсіздік кезеңінің тыныс-тіршілігі қоғамның тек саяси-әлеуметтік, экономикалық құрылымына  ғана жаңа қарқын әкеліп қоймай,  егемен мемлекеттің мүддесіне сай  ұлт санасының да жаңғырып, ұлттық құндылықтардың, бай руханиятының  негізі мен өзегі ретінде  тілдің де қоғамдағы  мәні мен қызметі  жаңа деңгейге көтерілді.

        Ел Тәуелсіздігімен  бірге жасап келе жатқан  мемлекеттік тіліміз – мәңгілік елдің  мәңгілікке жол тартқан  болатынына сенемін.

Баубекова Майра,  Түркістан облысының Әділет департаменті

                                                                               әкімшілік бөлімінің бас маманы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...