12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотқа дейінгі хаттама институтының маңызы зор

2022 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (әрі қарай-АПК) енгізілген «Сотқа дейінгі хаттама» жаңа институты қолданысқа енді. Бұл дегеніміз-тараптар арасындағы даудың сот процестерінсіз, сотқа дейін шешудің қосымша мүмкіндігі.

Сотқа дейінгі хаттаманы тараптар медиаторға жүгіну немесе адвокаттарға жүгіну арқылы да жасауына болады. АПК-нің 73-бабы 1-бөлігіне сай дәлелдемелерді тараптар және іске қатысатын басқа да тұлғалар бірінші сатыдағы сотқа олар сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, талап қоюды қабылдаған кезде ұсынады, онда тараптардың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың олар өздерінің талаптарының немесе қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасауға және істі сотта қараған жағдайда оларды пайдалануға ниет білдірген дәлелдемелерді ашу, ұсыну және алмасу бойынша әрекеттері көрсетіледі.                 

Сондай-ақ, АПК-нің 150-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі хаттама осы Кодекстің 73-бабының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес жасалған жағдайда, талап қоюды қабылдау ол келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.                                                                          

Яғни татуластырудың кеңістігін кеңейту мақсатында сотқа дейінгі хаттама жасалған жағдайда талап қоюды қабылдау он бес жұмыс күніне ұзартылады.

2022 жылдан бастап татуластырушы судьялардың тиімді жұмыс жасауына арнайы бағыт-бағдар ретінде алгоритм қалыптастырылды. 2022 жылғы 15 ақпаннан бастап аталған алгоритмге өзгерістер енгізілді.

Алгоритмге енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді бұйрықтық, ерекше іс жүргізу, ерекше талап қою тәртібімен іс жүргізу санаттарындағы талап қоюларды қоспағанда, барлық талап қоюлар татуластырушы судьяға бөлінуі қажет. Сонымен бірге, оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен берілген талап қоюларда татуластырушы судьяға бөлінуі керек. Демек, тіркеуші маманның өздігінен талап қоюларды медиабельді немесе медиабельді емес деп іріктеуге құқығы жоқ. 

Алгоритм бойынша татуластырушы судья тараптармен әңгімелесу барысында оларды бітімге шақырып, сотқа дейінгі хаттама жасау арқылы татуласудың тиімділігі мен салдары түсіндіріледі. Нәтижесінде тараптар дәлелдемелері мен дауды бейбіт жолмен реттеудің нұсқалары ұсынылған сотқа дейінгі хаттаманы жасау арқылы татуласып, дауды реттеу туралы келісім жасалады.  

Егер тараптар татуласпаған жағдайда, татуластырушы судьяның сотқа дейінгі хаттамасымен бірге істі мәні бойынша қарау үшін басқа судьяға қайта бөлінеді.    

Сотқа дейінгі хаттама бүгінгі күні дауды шешуде өзінің оң нәтижесін беруде.                                                                                  

Дегенмен, бітістіруші судьяларға алгоритм талаптарын қатаң сақтау, процестік мерзімдердің бұзушылығын болдырмау ұсынылады.          

Сонымен бірге, сотқа дейінгі хаттаманың мәтініне, мазмұнына, сапалы толтырылуына мән беру қажет.

Сотқа дейінгі хаттама бойынша жеке тұлғалардың дәлелдеме құжаттарын ұсыну әлі де болса белсенді емес екенін, түсіндіруді қажет ететіні көрінуде.

Қорыта келе, сотқа дейінгі хаттаманың тиімділігі, яғни сотқа дейін хаттаманы жасай отырып, татуласу рәсімін қолдану — тараптар арасындағы моральдық және материалдық шығындардың азайып, дау-жанжалсыз өзара ортақ шешім тауып, қарым-қатынастың жақсы жағдайда қалуына септігін тигізеді.

Қызылорда қалалық сотының

судьясы А.А.Каршыга

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...