Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №10 Жауғаштыда орналасқан мекемесіндегі сотталған әйелдер кәсіби-техникалық колледжінің дипломдарын алды.
Диплом алу іс-шарасы салтанатты түрде өтті. Сотталған әйелдер «тігінші», «киім құрастырушы», «модельер пішуші» , «наубайшы» және «электр газы мен дәнекерлеуші» мамандықтарының иегерлері болды. Дипломдарды колледж директоры Гүлимаш Косембаева және директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Эльвира Нурпеисова табыстап, барлық ұстаздар ұжымы ізгі тілектерімен жылы лебіздерін білдірді.


