Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің 2023 жылғы 13 қыркүйекте бекітілген Қылмыстық-аткару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға
арналған жол картасының 20, 21-ші тармақтарын басшылыққа ала отырып, Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Атырау облысы бойынша ҚАЖ Департаменті арасында жасақталған мемарандум аясында №79 мекемесінде жазасын өтеп жатырған сотталған азаматшаларды әлеуметтік бейімдеу және өмірге деген көзқарастарын өзгерту мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Бүгін ел абыройын асқақтатқан спортшыларға Мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Марта Орынбасарқызы — ел абыройын асқақтатқан спортшылар ортамызға келіп отыр. Әрдайым елдің мерейін үстем ететін Аида дай спорт саңлақтары Атырау қаласынан көптеп шыға беруіне тілектеспін, — деп ізгі тілегін білдірді. Кездесуге Атырау облысының тумасы әлем чемпионы Хайрулина Аида, Қазақстан кубогының жүлдегері Каракенжиева Жанар және бапкер, аға жаттықтырушы Есенғалиев Хайдар қатысты. Спортшылар өздерінің жеткен жетістіктерінің жолдарын жете айтып, алғашқы жеңілістері мен жеңістеріне тоқталды.
Хайруллина Аида Аманқосқызы 24.06.2000 жылы Атырау облысында дүниге келген. Спорттық жолын 16 жасында “Қайсар” спорт клубында бастап, 6 жыл араға салып, бірнеше мәрте жүлдегер атанғаннан кейін…… 2023 жылы Қоян қолтық ұрыстан Әлем Чемпионаты 1 орын; 2023 жыл Қоян-қолтық ұрыстан Әлем Кубогі 1 орын иеленген. Кездесу барысында мекемедегі жазасын өтеуші сотталған азаматшалар өздеріне қызықты сұрақтарын қойып, спортшылардан жауаптарын алды. Сөз соңында Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Данияр Бақытұлы спортшыларға алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.


