Өмір болған соң, «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ». Өйткені, шартты түрде бас бостандығынан айырылғандарды әлеуметтік бейімдеу, құқықтық, психологиялық, медициналық көмек көрсету арқылы олардың бос уакытын тиімді ұстану және қайта қылмыс жасауларына жол бермеудің негізгі мақсаты, әрі әлеуметтік маңызды байланысты сақтап қалудың жолы болып табылады.
Осы ретте, жастар орталығы қалалық пробация қызметімен бірлескен іс-жоспар арқылы аталмыш топтағы жастардың қатысуымен спорттық сайыстар ұйымдастырып, мемлекет тарапынан жастарға беріліп жатқан мүмкіндіктері аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қызығушылық білдірген жастар топ топқа жіктеліп, үстел теннисінен бақ сынасса, келесі топ киберспорт ойынынан командалық сайысқа түсті.
Тартысқа толы бәсекеде белсенділік танытып жеңіске жеткен ойын жеңімпаздарына арнайы алғыс хаттар табысталып, достық кездесумен жалғасты.
- Бүгінгі іс-шараға пробация есебіндегі тұлғалар белсене қатысты. Сотталғандар арасында спорттық шараларға тұрақты түрде қатысып, семинар-тренингтерден қажетті ақпарат алып, өз кәсібін бастап жатқан азаматтар да бар.Алдағы уакытта осындай іс-шаралар жалғасын табатын болады ,-деді әділет капитаны Жадыра Исмайлова.


