Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі №142 ӨҚБП өкімімен бекітілген Қылмысты-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес сотталғандардың мекемеде жұмыспен қамтылу көрсеткіштерін жақсарту мақсатында ҚАЖ департаменті мен ҚАЖ мекемелері бірлесіп, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет подполковник Ж. Әбдіқайыровтың төрағалығымен, №60 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Т.Тлеубекованың баяндамасы бойынша семинар-тренинг өтті.
Семинарға Қызылорда облыстық прокуратурасының аға ппокуроры М.Алмас, №37 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі А.Махашев, №60 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі М.Өтетлеуов, 5547 ҰҰ әскери бөлімінің штаб бастығы подполковник А.Асқарбеков, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының менеджер-кеңесшісі Ж.Ибрагимова, «Даму» АҚ қарды блогерінің менеджері Қ.Сейтқасым, Қызылорда оьлысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы Д.Әбдібек, Қызылордақаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің статистик маманы А.Иса қатысты.


