Сейсмолог Алматыдағы ықтимал жер сілкінісі бойынша болжам жасады

Қазақстандық сейсмолог Алматы аймағында жеті баллдық жойқын жер сілкінісінің ықтимал қаупін бағалады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмология институты директорының орынбасары Нұрсарсен Өзбеков Түркиядағы жойқын жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Анадолы таулы аймағы планетаның осы бөлігіндегі ең белсенді және сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірі саналады. Онда күшті және жойқын жер сілкінісі бұрын да болған, мысалы, 1999 жылғы Измит жер сілкінісінің күші 7,6 балл болған. 1992 жылы 100 мыңнан аса адам тұратын Эрзинджан қаласы маңында 7-8 балдық жер сілкінісі болған.

Облысымыздың сейсмикалық қауіптілігіне қатысты Сейсмология институты директорының орынбасары оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктері сейсмикалық белсенді, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқанын атап өтті. Шығыс Қазақстан облысынан Қызылорда облысына дейін сейсмикалық қауіпті жерлер бар, жер асты дүмпулері жетіден тоғыз баллға дейін жетуі мүмкін. Алматы аймаңында осыған байланысты аса қауіпті саналады, өйткені мұнда күшті жер сілкінісі 1887 және 1911 жылдары болған.

Сейсмология институты орта және ұзақ мерзімді болжамдар шеңберінде сейсмикалық жағдайды бағалайды. Орта мерзімді жоспар жылына екі рет – жыл басында және ортасында құрастырылады.

«Жақындаға ғана Алматы полигоны аумағындағы жер сілкінісінің орташа мерзімді болжамы бойынша қорытынды әзірледік, ол уәкілетті органдарға ұсынылды. Осы қорытындыға сәйкес, 2023 жыл ішінде Алматы полигоны аумағында жеті балдық жер сілкінісі күтілмейді. Ғылыми зерттеулер бойынша апта сайынғы қысқа мерзімді қорытынды жасалады, ол 200-ден аса болжамдық параметрлерді талдау негізінде құрастырылады. Осы тұжырымдар бойынша алдағы аптада бәрі тыныш болады», — деді Нұрсарсен Өзбеков.

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды.

Құрылтайдың жөні бөлек болары анық – Қасым-Жомарт Тоқаев 

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай ұғымының маңызына тоқталды.

Құрылтайдың ең алғашқы отырысы ашылды 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы ашылды

Қазақстанда вице-президент пайда болды: Жаңа лауазым не өзгертеді? 

Вице-президенттің міндеті тек өкілдікпен шектеле ме? Жаңа Конституцияда бұл қызметке қандай өкілеттік берілгені және билік сабақтастығы қалай реттелгені белгілі.

7 қыркүйектен кейін қазақстандықтар зейнетақысын өздері басқара алады: Нені білу керек? 

7 қыркүйектен бастап жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының ең жоғары үлесі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғаяды.