Сейсмология институты: Дүрбелеңге себеп жоқ

Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев алматылықтарға үндеу жолдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Алматының тұрғындары мен қонақтарына жақын арада қатты жойқын жер сілкінісі болмайтынына сендіргім келеді. Сейсмикалық оқиға Қытай мен Қырғызстан аумағында болды. Алматы, Алматы облысы, ішінара Жетісу облысының тұрғындары сезген дүмпулер ҚХР мен Қырғызстан аумағында болған қуатты оқиғаның афтершокы.

Қазіргі уақытта 10-нан аса жер сілкінісі тіркелді, оның ішінде біздің тұрғындар тек екеуін ғана сезінді. Дүрбелеңге ешқандай себеп жоқ», — деді Сәрсенбаев.

9 қазаннан бастап мектепте оқушының телефон қолдану тәртібі өзгереді

Қазақстанда орта білім беру ұйымында оқушы мен тәрбиеленушінің ұялы телефон қолдану тәртібі бекітілді.

1 желтоқсаннан бастап электромобильдерді қуаттау станциялары міндетті тексеруден өтеді 

Қазақстанда электромобильдерді қуаттау станцияларындағы өлшеу дәлдігіне қойылатын жаңа талаптар енгізіледі.

Астана халқы 1,7 миллионнан асты 

Халық саны бойынша алғашқы орында Алматы қаласы тұр. Қыркүйек басында мегаполисте 2 387 896 адам тіркелген.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...