Саусақ ізін кімдер тапсыруы керек: Сенат заңды мақұлдады

Сенат депутаттары «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екінші оқылымда мақұлдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Заңмен енгізілген маңызды жаңашылдықтың бірі – дактилоскопиялық тіркеу туралы ережелер. Мысалы, «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы заңның 2-тарауында Қазақстан азаматының паспортын немесе жеке куәлігін алу үшін алғаш рет жүгінген, сондай-ақ бұрын дактилоскопиялық тіркеуден өтпеген Қазақстан азаматтары оны қалпына келтірген, ауыстырған жағдайда Қазақстан азаматтарын міндетті дактилоскопиялық тіркеу туралы нормалар белгіленген болатын. «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заңның 39-бабымен 2-тараудың қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылған», — деп жазылған заңның қорытындысында.

Енді қазақстандықтар саусақ іздерін тапсыруға міндеттелмейді. Себебі, заңдағы мұндай норма алынып тасталған. Заңда Қазақстан азаматтарына қатысты жоғарыда көрсетілген ережелер алынып тасталады және Қазақстан азаматтары үшін олардың келісімімен ғана ерікті дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі. Қазақстан азаматы үшін міндетті дактилоскопиялық тіркеу теңізшінің жеке куәлігін алған жағдайда ғана сақталады.

«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заңда белгіленген жағдайларда 16 жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін міндетті дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін алуға Қазақстан аумағындағы тіркеуші органдарға жеке өзінің жүгіну талабы енгізіледі. Бұрын олар мұны басқа адамдарға берілген сенімхат негізінде нақты орналасқан жері бойынша жасай алатын», — деп жазылған заңның қорытысында.

Дактилоскопиялық тіркеуге қатысты ережелер 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Депутаттар заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.

Время перемен и ответственности

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, БЛАГОСОСТОЯНИЕ ГРАЖДАН, РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ И ПРАВОВЫЕ ГАРАНТИИ СТАЛИ ГЛАВНЫМИ ТЕМАМИ ОБСУЖДЕНИЯ ПОСЛАНИЯ. ЕГО ПОЛОЖЕНИЯ ПОЛУЧИЛИ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ОЦЕНКИ СО СТОРОНЫ КАЗАХСТАНСКИХ ЭКСПЕРТОВ И ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ, А ТАКЖЕ ВЫЗВАЛИ ИНТЕРЕС ЗАРУБЕЖНОГО ЭКСПЕРТНОГО СООБЩЕСТВА.