Сайлау-2023. Еxit poll нәтижелері жарияланды

Қазақстанда 19 наурызда өткен мәжіліс және мәслихат сайлауының алғашқы exit poll нәтижесі белгілі болды. «Еуразиялық интеграция» институты жүргізген сауалнама қорытындысы «Сайлау-2023» онлайн марафоны кезінде жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы «Еуразиялық интеграция» институты әлеуметтік зерттеулер департаментінің жетекші сарапшысы Әйгерім Ергенболатқызы мәлімдеді.

Exit poll нәтижесі келесідей:

  • Amanat партиясы — 53,46 пайыз;
  • «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы — 10,52 пайыз;
  • Respublica партиясы — 8,9 пайыз;
  • Қазақстан халық партиясы — 6,25 пайыз;
  • «Байтақ» жасылдар партиясы — 3,22 пайыз;
  • Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясы — 7,87 пайыз;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы — 5,31 пайыз;
  • «Бәріне қарсымын» — 4,47 пайыз.

Қазақстанда 19 наурызда мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтті.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді.

Сайлаушылардың ең көбі Қызылорда облысында (65,70 пайыз), ал ең азы Алматыда (22,95 пайыз) дауыс берген.

19 наурыз 19:00-дегі жағдай бойынша шет елдерде 11 учаскелік сайлау комиссиясы (Сеул, Токио, Пекин, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр, Гонконг, Шанхай, Бангкок, Джакарта және Ханой) жұмысын аяқтады және 5 071-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс берді, бұл — 41,8 пайыз.

66 учаске жұмысын жалғастырып жатыр.

Между угрозой и трагедией 

УБИЙСТВА ЖЕНЩИН, СОВЕРШЕННЫЕ СУПРУГАМИ, СТАВЯТ ВОПРОС О ТОМ, НАСКОЛЬКО ЭФФЕКТИВНО В КАЗАХСТАНЕ РАБОТАЕТ СИСТЕМА ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ СЕМЕЙНО-БЫТОВОГО НАСИЛИЯ. ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО УЖЕСТОЧАЕТСЯ, ПОЛИЦИЯ ВЫНОСИТ ТЫСЯЧИ ЗАЩИТНЫХ ПРЕДПИСАНИЙ, ОДНАКО ТРАГЕДИИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ. ДЕПУТАТЫ ПРЕДЛАГАЮТ НОВЫЕ СПОСОБЫ ВМЕШАТЕЛЬСТВА НА РАННЕЙ СТАДИИ – КОГДА УГРОЗЫ И ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЕЩЕ МОЖНО ОСТАНОВИТЬ.

Елімізде жүк көліктері үшін жол ақысы өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда коммерциялық жүк көліктерінің жол ақысын төлеу жүйесін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қандас мәртебесін алғысы келетіндер нені білуі керек? 

Қазақстанға көшуді жоспарлаған этникалық қазақ қандас мәртебесіне өтініш беруді неден бастайды? Биылғы пилоттық тәртіп бойынша алдымен қазақ тілінен тест тапсырып, сауалнама толтыру және әңгімелесуден өту қажет.

Мұнай бағасы апта қорытындысы бойынша күрт арзандауы мүмкін 

Brent маркалы мұнай бағасы бір аптада шамамен 12%-ға төмендеуі ықтимал.

Су тапшылығы: Қазақстанға қауіп бар ма? 

Қазақстанда су тапшылығы қаупі қаншалықты жоғары және алдағы жылдары елді қандай жағдай күтіп тұр?