Ресейде губернатор болған қазақ Аман Төлеев қайтыс болды

Ресейде губернатор болған қазақ Аман Төлеев қайтыс болды. Бұл туралы Кемерово облысының басшысы Сергей Цивилев мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кемерово облысының губернаторы Сергей Цивилев Telegram-арнасында Кемерово облысының 79 жастағы экс-губернаторы Аман Төлеевтің қайтыс болғаны туралы хабарлады. Айта кетейік, Төлеев — этникалық қазақ, оның әкесі Алашорданың ұрпағы болған. Төлеевтің анасы жартылай татар, жартылай башқұрт. Ол облысты 20 жылдан аса басқарды.

«Біздің облыста тұтас бір дәуір Аман Гумирұлымен байланысты: ол облысты шахтерлер Транссібір теміржолындағы қозғалысты бөгеп, рельстерді жапқанда басқарып, дағдарыстан алып шыққан еді. Кузбасс тұрғындары Аман Төлеевті өз қызметінде әрқашан халықтың мүддесін бірінші орынға қоятын нағыз халықтың губернаторы ретінде еске алады», — деп жазды облыс губернаторы Сергей Цивилев. 

Еске салайық, 2018 жылғы 25 наурызда Ресейдің Кемеровода төртқабатты «Зимняя вишня» сауда орталығында өрт шыққан болатын. Өрттен 64 адам қаза болды. Көз жұмғандар арасында 41 бала болды. Зардап шеккендердің жалпы саны 79 адамға жетті.

Өрттен кейін бірнеше күн өткен соң Аман Төлеев Кемерово облысының губернаторы қызметінен өз еркімен кету туралы өтініш берді.

2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлінеді: қаржы қайда жұмсалады?

Президент әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандар салуға және оны жаңғыртуға...

Жас ұрпаққа озық әрі мықты Қазақстанды қалдыру – Президент ұлт алдында тұрған стратегиялық міндетті атады

емлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр,...

Магистратура мен докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

Өтініш қабылдау 2026 жылғы 10 қарашаға дейін жалғасады.

Мұнай бағасы құбылып тұр: Қазақстан не ұтады? 

Мұнай инфрақұрылымын қалпына келтіру ұзаққа созылып, әлемдік нарықта баға барреліне 80–90 доллар деңгейінде сақталуы мүмкін.

Конгода Эбола безгегінен қайтыс болғандар саны 50%-ға жуықтады 

Конго Демократиялық Республикасында Эбола вирусын жұқтырғандар саны 10 мыңнан асты. Олардың 4 887-сі қайтыс болған.