ПӘТЕРІН ЖАЛҒА БЕРЕТІНДЕР ҚАНДАЙ САЛЫҚ ТӨЛЕЙДІ?

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) тек жеке тұлғаларға қызмет көрсеткен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін 2019 жылы 5 жылға уақытша енгізілген болатын. Ол төрт міндетті төлемнің түрін біріктірді: жеке табыс салығы (ЖТС); мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар; БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдері; міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар.

БЖТ-ның ай сайынғы мөлшері: республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін – 1 АЕК. Басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін – 0,5 АЕК болды. Бұл сома «Азаматтарға арналған үкімет» МК-да былай бөлінді: 10% – жеке табыс салығы (ЖТС); 20% – әлеуметтік аударымдар (ӘА); 30% – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ); 40% – міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС). Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, егер күнтізбелік жыл ішінде алынған табыс 4,1 млн теңгеден (1175 АЕК) аспаса, БЖТ төлеген азаматтар дара кәсіпкер (ДК) ретінде тіркелмеуге құқылы болды. БЖТ төлеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызмет көрсетуді пайдалануға, әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндік берді. БЖТ қолдану кезеңі биыл 31 желтоқсанда аяқталады. 2024 жылдан бастап пәтерді жалға беретін азаматтар салықты мынадай тәсілдердің бірімен төлей алады: 1) Дербес кәсіпкер ретінде тіркелу және таңдалған салық режиміне байланысты салық төлеу. Мысалы, патент негізінде арнаулы салық режимі (АСР) – жеке табыс салығының мөлшерлемесі (ЖТС) 1%. Патент 1 айдан бір жылға дейін сатып алынады; оңайлатылған декларация негiзiндегi АСР – ЖТС мөлшерлемесі 1,5%, әлеуметтік салық 1,5%, есептілік жартыжылдықта 1 рет беріледі; арнаулы мобильді қосымша пайдаланумен АСР, ЖТС мөлшерлемесі 1%, есептілік ұсынылмайды, қосымша сіз үшін салықтар мен төлемдерді есептейді. Бұл ретте әлеуметтік төлемдерді де төлеу қажет екенін есте ұстаған жөн. Жеңілдікті санаттарға жатпайтын кәсіпкердің әлеуметтік төлемдерінің ең төменгі сомасы 2023 жылы 14350 теңгені құрады. Бұл кәсіпкердің пайдасына төленетін төлемдер (2023 жылға зейнетақы жарналары – 7000 теңге, әлеуметтік аударымдар – 2450 теңге, медициналық сақтандыруға жарналар – 4900 теңге) болды. 2) Дербес кәсіпкерлікті тіркеусіз: жеке табыс салығы бойынша декларация (240.00-нысан) жылына бір рет тапсырылады. ЖТС алынған кіріс сомасының 10% мөлшерінде табыс етіледі; пәтерді заңды тұлғаға немесе ДК жалға беру кезінде жалға алушы сіз үшін салық төлейді. ЖТС сомасы 10%, міндетті зейнетақы жарналары – 10%, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар – алынған кіріс сомасының 2% мөлшерінде.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Совминкада жаңа медициналық ғимараттар бой көтереді

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі аумағында жаңа медициналық ғимараттарды кезең-кезеңімен салу арқылы ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Жоба аясында инфрақұрылымның бір бөлігін жаңарту және заманауи көпсалалы медициналық кешен құру көзделген.

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға сәйкес бірқатар заңдарға қол қойды 

Конституция ережелерін жүзеге асыратын жаңа конституциялық заңдар.

Мыңдаған қазақстандық не үшін шетелде жұмыс істеп жүр?

2026 жылдың бірінші тоқсанындағы жағдай бойынша 148,6 мың қазақстандық шетелде еңбек етіп жүр.

1 шілдеден бастап ипотека өзгереді: Жаңа ереже кімге тиімді, кімге тиімсіз болады? 

Жаңа талаптарға сәйкес, ипотека мөлшерлемесі азаматтың бастапқы жарна көлеміне байланысты белгіленеді. Сонымен қатар қарыз алушылардың ресми табысына қойылатын талаптар күшейіп, банктер борыштық жүктемені бағалаудың қосымша көрсеткішін қолдана бастайды.