Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін бірлескен кездесу

2023 жылғы 9 қазан айында Алматы қаласы Алмалы ауданының пробация қызметінің шақыруымен Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары және Алмалы ауданының прокуратурасымен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін бірлескен кездесуге қатысты.

Өткізілген іс-шара барысында Алматы қаласы Алмалы ауданының пробация бөлімі есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру, оқыту және біліктілігін алу мәселелері талқыланды.
Жұмыспен қамту орталығының мамандары тұрақты және уақытша жұмыс орындарына (қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары), сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жұмысқа орналасу мүмкіндігін атап өтті.
«Пробация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес (11.01.2020 ж.жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарды қайта әлеуметтендіру, әлеуметтік бейімдеу және оңалту, оның ішінде жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жолымен қамтамасыз етіледі.

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсету кезінде Жұмыспен қамту қызметтері мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
жұмыссыздарды халықты жұмыспен қамту орталығының бос орындар базасында бар бос жұмыс орындарына жібереді;
жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жібереді;
жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жібереді;
жұмыссыздарды кейіннен олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесе отырып, еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жібереді;
жұмыс орындарының квотасы бойынша жұмысқа орналасады.

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...

Амал мерекесі аталып өтті

Амал күні (Көрісу) – 14 наурызда тойланатын, қыстан аман-есен...

15 наурыз – Қайырымдылық күні

Бүгін Наурызнама аясында Қайырымдылық күні аталып өтеді. Бұл –...

Семейные ценности и ответственность — основа будущего

В учреждении минимальной безопасности в Семей Абайская область был...

Ұлттық салт-дәстүр – ұрпақ сабақтастығы

16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай...