Президент Тоқаев Алматыға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға бұрын жоспарланған іссапар бойынша барады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаев 24-25 қаңтарда Алматыға барады.

«Мемлекет басшысы бірқатар нысандарды, соның ішінде қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратын аралап, онда қаладағы жағдай бойынша кеңес өткізеді», — делінген хабарламада.

Совминкада жаңа медициналық ғимараттар бой көтереді

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі аумағында жаңа медициналық ғимараттарды кезең-кезеңімен салу арқылы ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Жоба аясында инфрақұрылымның бір бөлігін жаңарту және заманауи көпсалалы медициналық кешен құру көзделген.

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға сәйкес бірқатар заңдарға қол қойды 

Конституция ережелерін жүзеге асыратын жаңа конституциялық заңдар.

Мыңдаған қазақстандық не үшін шетелде жұмыс істеп жүр?

2026 жылдың бірінші тоқсанындағы жағдай бойынша 148,6 мың қазақстандық шетелде еңбек етіп жүр.

1 шілдеден бастап ипотека өзгереді: Жаңа ереже кімге тиімді, кімге тиімсіз болады? 

Жаңа талаптарға сәйкес, ипотека мөлшерлемесі азаматтың бастапқы жарна көлеміне байланысты белгіленеді. Сонымен қатар қарыз алушылардың ресми табысына қойылатын талаптар күшейіп, банктер борыштық жүктемені бағалаудың қосымша көрсеткішін қолдана бастайды.