Олигополиямен күрес: миллиардтаған ақша тұратын «алтын учаскелер» қайтарылды

Маңғыстау облысының прокуратурасында былтырғы жұмыс қорытындылары туралы айтылды. Атап айтқанда, қадағалау актілері бойынша мемлекетке құны 9 миллиард теңге болатын мүлік қайтарылды. Бұл негізінен олигополия субъектілеріне тиесілі мүлік, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ауданы 80 мың гектар 115 жер телімі қайтарылған. Оның ішінде: «Олигополия субъектілеріне тиесілі Каспий теңізінің бойындағы алтын учаскелер» бар.

«Тығыз құрылыс бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді, прокурорлық қадағалау шаралары бойынша сот арқылы 32 заңсыз нысан бұзылды, үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқан үшін 35 құрылыс салушы айыппұл ретінде әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 5 құрылыс салушыны құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиясынан айырылды. Құрылыс нормаларын бұзғаны үшін құрылыс салушылардың 17 инженерлік қызметтеріне 6 айға қызметті тоқтату түрінде шаралар қабылданды», — делінген хабарламада.

5 миллиард теңге сомасына заңсыз сатып алулар жойылды, 200-ден астам тапсырыс беруші әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

500 миллион теңгеден аса бюджет қаражатын ұрлау деректері анықталып, 5 с талды тергеп-тексеру бойынша түпкілікті процессуалдық шешімдер қабылданып, тұлғалар кінәлі деп танылып, сот үкімі шығарылған.

Жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесіп жалпы сомасы 100 миллиард теңгеге 7 инвестордың мәселелері оң шешімін тапты.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.