Келестік ел ағасы заңды бұзып қайта қамауға алынды

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасасты Келес аудандық пробация қызметінің есебіне түрған Ерхан есімді азамат сот жүктеген міндетті біле тұра, заңды қаскөйлікпен бұзып, жазасының өтелмеген бөлігін темір торда өтейді.
Пробация қызметінің бақылауына алынған бас бостандығынан шектеу жазасына тартылғанғандардың арасында заңды қаскөйлікпен бұзып абақтыға қамалатындар жиі кездеседі. Өздеріне берілген санаулы мерзімді бостандықта жүріп өтей алмай, қамауға алынатыны өкінішті-ақ.

Қамауға алынған азаматтар жастар болса түсіністікпен қарауға болар еді. Ал, қырықтан асқан азаматтың құқық бұзушылыққа барғаны әрине өкінішті. Балалары мен інілеріне, немерелеріне ақыл айтып отыратын азаматың сот жүктеген міндетке салғырт қарайтыны қынжылтады.

Келес аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азамат жаза өтеу шарттарымен Сот жүктеген міндеттерді біле тұра бұзған, Кешкі уақытта тексеруге барғанда үйінде болмай, пробация қызметіне тексеруге келмеген. Келес аудандық сотымен бас бостандығын шектеу түріндегі жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды. Бұл азаматқа пробация қызметіне тіркеуге алынған күні сот жүктеген міндеттер түсіндірілген болатын. Егер заңға бағынбаған жағдайда сот бойынша қамауға алынатыны да ескертілді. Өкінішке, орай бұл азамат заң талаптарын орындамаған. Пробация есебіне тіркелген азамат өзіне заң бойынша жүктелген міндеттерді бұзбағаны дұрыс. Өзінің жасаған қылмыснан сабақ алғаны абзал. Өзінің артынан ерген ізбасарларына әрбір әке үлгі болуы қажет. Себебі, әрбір бала біздің болашшағымыз, — деді Нұрдәулет Әшірбаев.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты жиырмаға жуық пробация қызметі бар. Бір пробацияда кем дегенде жүзге жуық сотталған есепте тұр.
Есептегі сотталған адамдар арасында әртүрлі мінез-құлықты адамдар кездеседі, бірі қылмыс жасағанына өкініп, қылмыспен келтірген залалдың орнын толтырып, түзелу жолына түскен азаматтар болса, енді бірі тәртіпке бағынбай, сот жүктеген міндеттерді атқармай, жаза өтеу ережелерін қаскөйлікпен бұзатын сотталған азаматтарда кездеседі.
Өзінің қателігін қайта жасап, қатаң жазаға тағайындалатын адамдар кездесіп жатады. Осындайда, Келес аудандық пробация қызметіне тіркеуге алынып, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған азаматтың қателігін өзгелер қайта қайталамасын деген оймен оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Елуге жақындаған азаматтың қателікке бой алдырып Келес аудандық сотының шешімімен пробация бақылауына алынған болатын. Бұл азамат аудандық пробация қызметіне тіркеуге алынған күні ПҚБ-нің инспекторлары сот жүктеген міндеттерді түсіндірді. Сондай-ақ, ол жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілгеніне қарамастан заңды қаскөйлікпен бұзды. Бұл сотталған азаматтың алдағы уақытта қылмыс жасауының алдын алу үшін және де өзінің жасаған әрекетінен сабақ алу мақсатында, пробация қызметінің инспекторы қалалық сотқа ұсынысы жіберді. Әділет майорының ұсынысы қанағаттандырылып Ерхан есімді азамат қалған өтелмеген бөлігін енді темір торда өтейді.

В области Абай подписан меморандум о сотрудничестве по ресоциализации осужденных

Департамент уголовно-исполнительной системы по области Абай подписал меморандум о...

Абай облысында сотталғандарды қайта әлеуметтендіру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті «ЛУЧ» қайта әлеуметтендіру...

ҚАЖ қызметкерлері Ауған соғысының ардагерімен кездесті

Абай облысында қауіпсіздігі ең төмен мекеме қызметкерлері ауруханадан шыққан...

Сотрудники УИС навестили ветерана Афганской войны после его выздоровления

В области Абай сотрудники учреждения минимальной безопасности навестили ветерана...

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...