12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жөл көлік оқиғасы: себептері және алдын алу

Қазіргі таңда автокөлік қоғамда өзіндік орны бар мүлікке айналып, жол қозғалысының ажырамас бір бөлігін құрайтыны сөзсіз. Бұл үдеріс біздің қаламызда да байқалады.

Көліктің түрлері мен санының артуы салдарынан жол-көлік оқиғасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтардың көрсеткіші өсіп, онда зардап шеккендердің күрт өсімі байқалды. Бұл жол-көлік оқиғалары мен оның қоршаған ортаға, адамдардың денсаулығы мен өміріне тигізетін теріс салдарын, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін кезек күттірмей шешу қажет екендігін көрсетеді. Біріккен Ұлттар ұйымының баяндамасы бойынша жыл сайын 1.3 млн. Адам жол-көлік оқиғасынан қайтыс болса, күніне үш мың адам көз жұмады, ал 20 млн. адам жол апатынан жараланады. Дамыған елдерде соңғы жылдары жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер көрсеткіші орта есеппен 15%-ға артты. Сондай-ақ автокөлік қозғалысындағы адам өлімі көрсеткіші өзен-теңіз көлігімен салыстырғанда — 12 есе, темір жол көлігінен – 3 есе, әуе көлігінен 1.5 есе жоғары.

Бұл жол-көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы да қалыс қалмауда. Республикадағы жыл сайын автокөлік санының артуы мен жол жүрісінің интенсивтілігі, қоршаған ортамызға бірқатар теріс салдарын тигізгенін көріп отырмыз. Республикасы қалаларының инфраструктурасы мен көліктердің жолдағы қозғалысы «автокөлік санының күрт өсуіне» арналмалған, объективтік себептерден мемлекет тарапынан жол-көлік қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі мен олардың салдарынан орын алатын жол-көлік оқиғасынан сақтандыру дерлік мүмкін емес екендігі анық. Жолдардың қарқынды қозғалысқа арналып салынбауы жол-көлік оқиғасын жасауға түрткі болады. Тәжірибе көрсеткендей жалпы жол-көлік оқиғасының мынадай түрлері болады: көлік құралдарының соқтығысуы; көлік құралдарының төңкерілуі,аударылуы; жаяу жүргіншіні соғып немесе басып кетуі; жолаушылардың көлік құралдарынан құлауы немес т.б оқиғалар.

Барлық жол-көлік оқиғаларында негізгі орында жүргізушінің әрекеті немесе әрекетсіздігі байқалады. Көлік құралын басқаратын кінәлі тұлғаның кез-келген апатты жағдайында оның белгілі бір жол-көлік оқиға сәтіндегі психологиялық жәй-күйі әсер етеді. Статистикаға сәйкес көбінесе жол-көлік оқиғасын тудыратын мән-жайлар: белгіленген жылдамдықты көтеру, мас күйінде көлікті басқару, басып озу ережесін бұзып қарама-қарсы жолға шығып кету, жол қиылысы ережесін сақтамай жол кезегін бұзу, ақауы бар көлікті басқару, ара-қашықтықты сақтамау, реттеу дабылына бағынбау, жол жүрісі белгілеріне бағынбау, адамдарды тасымалдау ережесін бұзу, жаяу жүргіншілер ережесін бұзу және т.б.

Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, көлік қылмыстары көп функциялы, әлеуметтік, психологиялық құбылыс екендігін байқауға болады. Жол көлік оқиғасы ережесін бұзу субъектінің әрекетінен, өзге көлік жүргізушілері әрекетінен, психикалық қоршаған ортадан, жолдың жағдайынан, жол жүрісі ережелерінің айқын бейнелеуінен, табиғат жағдайының ықпалы, көлік шығарушы мекеменің сапалы өнім өндірісі, субъективті көзқарасы жол-көлік оқиғасының орын алуына ықпал етеді деген қорытынды жасауға болады.

Аталған мәселелерге қосқанда, жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, ең бірінші жол-көлік оқиғасын жасаған құқықбұзушыны анықтау мақсатында жүргізушілерден алкотестер арқылы ішімдік ішкендігін анықтайды. Негізінде, тек қана алкотестер арқылы емес, оның қасына наркологиялық-психотроптық есірткіге тексеріс қоса өткізу қажет. Себебі, тек қана алкогольдік қоспалар ішкен азаматтар емес, олармен қоса наркологиялық-психотроптық есірткілерді пайдаланып көлік құралын басқарып жол-көлік оқиғасын тудырып жатқан жүргізушілер де аз емес. Осыған орай, жол-көлік оқиғасы орын алған жағдайда, жүргізушілерден алкотестер арқылы ішімдік ішкенін анықтаумен қатар наркологиялық-психотроптық есірткілерге тексеріс өткізу қажет етеді.

Жалпы көліктік қылмыстардың және құқықбұзушылықтың алдын алудағы басты бағыттар: экономикалық, құқықтық, ұйымдастыру-техникалық сипаттағы шараларды қарастыратын көліктік дилектілердің алдын алу бойынша кешендік бағдарламаларды жасау мен жүзеге асыру, жол-көлік оқиғаларын қызметтік тергеуді реттейтін актілер мен тиісті деликтілер үшін қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті регламенттейтін заңнамалық және заңға сәйкес нормативтік актілерді жетілдіру, көліктік қылмыстар бойынша қылмыстық тергеу мен сотта қарастыру тәжірибесін жетілдіру, көлік жүргізушілерінің кәсіби сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы дәрістер оқу,республикадағы жолдардың сапасын көтеру, дер кезінде жөндеу, тазалау жұмыстарын жүргізу, республика ішіндегі көшелердің құрылысын қарастыру, әсіресе көшелердің «тарлығын» қайта қарастыру, кей-жағдайда форс-мажор әрекеттері мен маневр жасаудың соңы аталған адам өліміне әкелетін жағдайларды қарастыру, жолдарды қарау-бақылау техникалық құралдарымен қамтамасыздандыру, көшелерді жарықтандыру мен жол белгілерінің айқындығын қадағалауды, жоғары қауіп көзін құрайтын көліктерде жылдамдықты тежейтін аппаратты орнатылуын қолға алу.

Жаңаөзен қалалық сотының төрағасы
Б.К.Токбаев

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...