Жыл басынан бері мопед пен самокат апатынан қанша қазақстандық қаза тапты?

Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері Қазақстанда мопед пен самокат апатынан екі адам қаза тапқанын хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакция сауалына Ішкі істер министрлігі 2023 жылдың басынан бері елімізде мопедтер ұшыраған 84 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін, оның салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 86 адам жарақат алғанын хабарлады.

Дәл осы уақытта және дәл осы кезеңде электрсамокаттар ұшыраған 8 жол-көлік оқиғасы болған, олардың біреуінде бір адам қаза тапты (ІІМ бұл самокат жүргізушісі ме, әлде басқа адам ба нақтыламады) және тағы 8 адам зардап шекті. Сондай-ақ, ведомство былтыр самокатпен болған жазатайым оқиғалар статистикасын ұсынды. 40 оқиғада бір адам қаза тауып, 40 адам жарақат алған.

Ведомство мұндай оқиғалардың көбіне Астана, Алматы және Шымкентте болатынын атап өтті. Бұл қалаларда 1700-ге жуық жалға берілетін самокат тіркелген.

«Самокат, мопеды, скутер қала ішінде де, оның сыртында да қолданылатын ең танымал көлік түрлерінің біріне айналды. «Жол жүрісі туралы» заңға сәйкес, жаяу жүргінші – жолда көлік құралынан тыс, оның қозғалысына қатыспайтын тұлға. Жаяу жүргіншілерге мүгедектерге арналған кресло-арбада жүретін, велосипед, мопед, мотоцикл, шана, арба, балалар арбасын жүргізген жеке тұлғалар теңестіріледі», — деді ІІМ өкілдері.

Еске салайық, соңғы бір айда Алматыда мопед жүргізушілерінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу деректері жиі тіркеліп жатыр.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.