Жеке тұлғаның банкроттығы: қазақстандықтардың өтінімі қалай тексеріледі?

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қазақстандық азаматтың банкротқа ұшырағаны қалай тексерілетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, азаматтан өтініш түскеннен кейін мемлекеттік органдарға сұраныс жіберіледі.

«Деректерді алатын 22 ақпарат көзі бар. Бұл жеті мемлекеттік орган мен алты ұйым, олармен интеграция жолға қойылды. Біз талаптарға сәйкестігін тексереміз. Егер азамат заңнамада көрсетілген барлық талапқа сәйкес келсе, онда 15 күн ішінде оның өтінішін бекітіп, тізілімге енгіземіз. Бірінші әдіс бойынша банкроттық туралы өтінішті қараудың қосымша тәртібі бар.

Жүйе әзірленді және қазір басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен сынақтан өтіп жатыр, наурызға дейін жүйе дайын болады. Қазір порталға өтінім үлгілері орналастырылды, азаматтар 8 ақпанға дейін танысып, өз ұсыныстарын айта алады, барлық түзетулер талқыланып жатыр. Бірақ тұтастай алғанда жүйе қазірдің өзінде дайын», — деп түсіндірді ОКҚ брифингінде Ержан Біржанов.

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың аккаунты уақытша бұғатталуы мүмкін

Олжас Бектенов 16 жасқа толмаған балалардың әлеужеліге кіруіне шектеу қоюға қатысты заң жобасының әзірленіп жатқанын айтты.

Қазақстан-Оман: Маңызды құжаттарға қол қойылады 

Оман Сұлтанының елімізге сапары аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізу, бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Елімізде ауа райы күрт бұзылып, өңірлерде қар аралас жауын-шашын түседі

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 2026 жылғы 6-8 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қорғаныс министрлігінің тексерісінен кейін 13 қылмыстық іс қозғалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қорғаныс министрлігінің ауқымды тексерісінің алғашқы нәтижелері...

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

ҚР Туризм және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, Азия ойындарында алтын медаль иеленген спортшыға 10 мың доллар, күміс жүлдегерге 5 мың доллар, ал қола медаль иегеріне 3 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған