Жалынды жас-жарқын болашақ!

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты,  №11 мекемесінде кәмлетке толмаған жазасын өтеуші сотталғандар  арасында   «Жалынды жас-жарқын болашақ!» атты дебат  өтті. Пікірталасқа сарапшы болып, мекеме бастығының Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Г. Нуржанова, САӘПТЖБ бастығы әділет подполковнигі А. Базильбаева, №3 ЖБ мектептің  оқу және тәрбие жөніндегі орынбасары А. Алиева, жасақ бастықтары, тәрбиеші мамандар қатысты.

Тақырып барсында қазіргі кездегі қоғамдағы тілге, дінге,салтқа, теңдікке байланысты өзекті мәселелер қозғалды. Даттаушы және жақтаушы топ тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салып, пікірлермен бөлісті. Бір-біріне пікірлермен кереғар екі топ дебат барысында өз білімдерінің сапасына.ой-өрістерінің нәтижесін көрсетті.

Қатысушылардың қоғамнан шет қалмай, өзекті мәселелерге ішкі жан дүниемен еркін түрде ойларын жеткізе алуы, көзқарастарыннан ашық айтуы, тығырықтан шығар жолдар ұсынуы болашақтарына деген зор үміт пен құлшыныстарын білдірді. Жазасын өтеуші жасөспірімдер  Қ.Тезекбаев пен А. Махсотовтың басқаларына қарағанда дебат барысында, ой-өрістерінің жоғары екені көрінді. Әрине қанша адам болса, сонша пікір бар, әркім өз деп тапқан жолмен жүреді. Десек-те, қазіргі ақпараты мол қоғамда жастардың түзу болуы оларға берілген білім мен тәрбиеде. Сарапшылардың пікірлері бойынша қатысушылардың бойынан әлі де ұлттық санамыздың кемшіл, тұсарын, білімінің жеткіліксіздігі байқалды. Болашақ жастардың қолында екені, сапалы  білім мен саналы тәрбие  түсіндірілді.

                                                      №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

В области Абай подписан меморандум о сотрудничестве по ресоциализации осужденных

Департамент уголовно-исполнительной системы по области Абай подписал меморандум о...

Абай облысында сотталғандарды қайта әлеуметтендіру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті «ЛУЧ» қайта әлеуметтендіру...

ҚАЖ қызметкерлері Ауған соғысының ардагерімен кездесті

Абай облысында қауіпсіздігі ең төмен мекеме қызметкерлері ауруханадан шыққан...

Сотрудники УИС навестили ветерана Афганской войны после его выздоровления

В области Абай сотрудники учреждения минимальной безопасности навестили ветерана...

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...