Еліміздің 11 өңірінде ескерту жарияланды

Қазгидромет Алматы, Шымкент және Қазақстанның он бір облысында дауылды ескерту жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

22 қаңтарда Алматыда кей жерлерде тұман күтіледі.

Оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында кей жерлерде тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Семей, Абай облысында қолайсыз ауа райына байланысты екінші дәрежелі қолайсыз ауа райы туралы ескерту жасалған.

Оңтүстікте, Атырау облысының орталығында көктайғақ сақталады. Аймақтың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде солтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының Риддер және Өскемен қалаларында қолайсыз ауа райына байланысты екінші дәрежелі қолайсыз ауа райы туралы ескерту жасалған.

Батыс Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде тұман күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігі мен батысында таңертең және күндіз бұрқасын, тұман күтіледі. Облыстың солтүстігі мен батысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында облыс орталығында және шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Түнде Маңғыстау облысының батысында, күндіз батыста, оңтүстікте, облыс орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыста, облыс орталығында қарлы бұрқасын күтіледі. Батыстан солтүстіктен соғатын жел, облыс орталығында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан, солтүстіктен оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...