Еліміздің бірнеше қаласы ауылға айналуы мүмкін

Кем дегенде үш қазақстандық қала ауыл санатына ауыстырылуы мүмкін. Тиісті өзгерістер ұлттық экономика министрлігі жарлығының жобасында көрсетілген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжат 26 қыркүйекке дейін жалғасатын «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Халық саны 10 мың адамнан аз қалалар ауыл мәртебесіне ауыстырылады.

«Халық саны 10 мың адамнан кем, әкімшілік-аумақтық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін қалаларда олардың әкімшілік мәртебесін өзгерту бойынша жұмыстар жүргізіледі», — делінген бұйрықтың жобасында.

Бұл қалалар:

  • Степняк — Ақмола облысы Біржан сал ауданының әкімшілік орталығы. Халық саны — 3800 адам;
  • Темір — еліміздің Ақтөбе облысы Темір ауданындағы қала. Темір қалалық әкімшілігінің орталығы — 2100 адам;
  • Жем — Қазақстанның Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы қала. Халық тығыздығы — 1500 адам / км2.

Сондай-ақ, құжатта көптеген тұрғыны бар ауылдардың мәртебесі де қайта қаралатыны көрсетілген. Елдегі 17 ірі ауыл мәртебеге сәйкес келмейді.

«Мысалы, Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында 54 мың адам, Түркістан облысының Қарабұлақ ауылында 50 мың адам, Алматы облысының Ұзынағаш ауылында 47 мың адам тұрады».

2025 жылға қарай Қазақстанда облыстық маңызы бар қалалардың шекарасында орналасқан дербес ауылдар мен кенттердің болуына талдау жүргізіледі.

«Бұл «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңның талаптарына қайшы келетіндіктен, мұндай ауылдар мен кенттердің мәртебесі қайта қаралып, шағын аудан түрінде қаланың құрамдас бөлігі болуға тиіс», — делінген құжатта.

ДДСҰ коронавирустың жаңа штамы бойынша белгілерін атады

Солтүстік Америка мен Еуропада таралып жатқан коронавирустың PJ.2.1 штамының...

Қар жауып, көктайғақ болады: Қазақстанда күн күрт суытады

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағында күн құбылады. Кей өңірлерде...

Между угрозой и трагедией 

УБИЙСТВА ЖЕНЩИН, СОВЕРШЕННЫЕ СУПРУГАМИ, СТАВЯТ ВОПРОС О ТОМ, НАСКОЛЬКО ЭФФЕКТИВНО В КАЗАХСТАНЕ РАБОТАЕТ СИСТЕМА ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ СЕМЕЙНО-БЫТОВОГО НАСИЛИЯ. ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО УЖЕСТОЧАЕТСЯ, ПОЛИЦИЯ ВЫНОСИТ ТЫСЯЧИ ЗАЩИТНЫХ ПРЕДПИСАНИЙ, ОДНАКО ТРАГЕДИИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ. ДЕПУТАТЫ ПРЕДЛАГАЮТ НОВЫЕ СПОСОБЫ ВМЕШАТЕЛЬСТВА НА РАННЕЙ СТАДИИ – КОГДА УГРОЗЫ И ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЕЩЕ МОЖНО ОСТАНОВИТЬ.

Елімізде жүк көліктері үшін жол ақысы өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда коммерциялық жүк көліктерінің жол ақысын төлеу жүйесін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр.