Еліміздің бес облысында жол жабылды

Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты бес облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың бес учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Республикалық маңызы бар автожолдарда 337 бірлік техника және 457 адам жұмылдырылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол»-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында — 1 учаске:

  • «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238-шақырым, Кенен а.-Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) – 79 шақырым.

Жетісу облысында — 1 учаске:

  • «Үшарал-Достық» 84-184-шақырым, Көктұма ст.-Достық ст. – 100 шақырым.

Қарағанды облысыда — 1 учаске:

  • «Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы» 0-16-шақырым, Пришахтинск а-Новостройка а. – 16 шақырым.

Қостанай облысында — 1 учаске:

  • «Жезқазған-Петропавл» 252-335-шақырым, Ұлытау обл.шек.-Арқалық қ.-83 шақырым.

Ұлытау облысында — 1 учаске:

  • «Жезқазған-Петропавл» 137-252-шақырым, Ұлытау к.-Қостанай обл.шек. – 115 шақырым.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.