Елімізде 9 банк таратылуы мүмкін

Қазақстанда 9 банк таратылу процесінде, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі құжат жобасында келтірілген нарық сараптамасына сілтеме жасап.

«Ашық НҚА» порталында 26 шілдеге дейін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» құжат талқыланып жатыр. Ол банктердің қызметін реттейтін, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілеттіктеріне қатысты.

Құжатта банк саласының проблемалары атап көрсетілген, оның ішінде біріншісі — банктерде және микроқаржы ұйымдарында көрсетілетін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың тұтынушыларға жеткіліксіздігі, сондай-ақ тұтынушының мінез-құлық ерекшеліктерін ескермей қызметтер көрсетілген. Екінші мәселе ретінде мүгедектігі бар адамдарға, қарттарға және басқа да төмен топтарға қаржылық қызметтер алуға шектеу қойылды.

Үшінші мәселе — қаржы ұйымдарының басшыларына қатысты кадр саясаты, негізгі қызметкерлерді неғұрлым мұқият іріктеу және әрекеттері қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға немесе банкроттыққа әкеп соқтырған тұлғалардың басшылық лауазымды атқару мүмкіндігін шектеу. Дәлел ретінде басшыларының әрекетінен зардап шеккен қаржы ұйымдарының статистикасы келтірілді.

«Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында 21 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді. Сонымен бірге 9 банк таратылу процесінде. 2022 жылдың басынан бері агенттік басшы қызметкер лауазымына 13 кандидатты ұсынудан бас тартты», — делінген құжат жобасында.

Анықталған проблемаларды шешу әдістері ретінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «Ашық НҚА» порталында қаржылық өнімдер мен қаржылық қызметтерді ұсыну кезінде тұтынушыларға ақпаратты толық және сенімді ашу талаптарын белгілеу жөніндегі өкілеттіктерін кеңейту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, агенттік банктерден мүгедектер үшін негізгі қаржылық өнімдердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды талап ете алады. Агенттік қаржы ұйымының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптардың тізбесін кеңейтуді және заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі қаржы ұйымын таратуға әкеп соқтырған тұлғалар туралы мәліметтер тізбесін енгізуді көздейтін заңнамалық өзгерістерді әзірлеуді ұсынады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.