Елімізде мектептер салуға 2,4 триллион теңге бөлінеді

Қазақстанда мектеп құрылысына 2,4 триллион теңге бөлінеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.

2022 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын әзірлеуді және жүзеге асыруды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір қазақстандық оқушының білім алуы мен жан-жақты дамуы үшін лайықты жағдай жасалуы керектігін атап өтті.

«Ұлттық жоба апатты мектептерді, үш ауысымда оқытуды және оқушылар орнының тапшылығын жоюға бағытталған. Жоба аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа бағыттағы 369 заманауи мектеп салу жоспарланған. Қалаларда 205, ауылдарда 164 білім беру нысаны салынады. 217 ғимараттың құрылысын 2024 жылы, тағы 152 ғимаратты 2025 жылы аяқтау жоспарланған», — делінген хабарламада.

Жалпы жобаны жүзеге асыруға барлығы 2,4 триллион теңге бөлінеді.

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.