Елімізде кімдерге мүлік салығы көбейеді?

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин жаңа Салық кодексін әзірлеу барысы туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, жаңа фискалдық заңнамаға сәйкес үштен аса пәтер мен жер телімі иелеріне салық көбейеді.

«Мәселен, мүлік салығы. Бізде қазір жеке тұлғалардың мүлкіне салық салынады және салық салудың прогрессивті шкаласы бар. Баға неғұрлым қымбат болса, тариф соғұрлым жоғары болады: 0,01-ден 1,5 пайызға дейін. Меншігінде ондаған пәтері бар салық төлеушілер бар. Егер әрбір жеке пәтер сатып алынса, тариф нысанның жеке құнына қолданылады. Айталық, бір бөлмелі пәтер 20 миллион теңге — тариф бір. Егер 10 пәтер болса, бұл 200 миллион теңге шкала жоғары және сәйкесінше тариф әлдеқайда жоғары болады. Сондықтан, мұндай санаттар үшін мүлік салығы жиынтықта есептеледі деп болжанып отыр. Ол әлдеқайда жоғары болады, салық ұлғаяды», — деді вице-министр Сенатта өткен дөңгелек үстел барысында.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.