Елімізде бес дәріге тыйым салынды

Қазақстанда бес дәріге тыйым салынды. Үкімет қаулысы бойынша, бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізбесіне өзгерістер енгізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, медициналық мақсатта қолдануға тыйым салынған есірткі заттары бөліміне пара-флуорофентанил (пара-фторфентанил), брофин және метонитазин қосылды.

Фентанил — синтетикалық күшті анальгетик. Көбінесе ол анестезиологияда, фельдшерлік медицинада және апаттар медицинасында қолданылады. Препарат тәуелділікті және тіпті физикалық тәуелділікті тудырады.

Брорфин халық арасында «күлгін героин» деп аталады. Бұл пиперидин негізіндегі опиоидты анальгетик. Егер жиі пайдаланылса, ол да тәуелділікті тудырады.

Метонитазен күшті синтетикалық опиоидтарға жатады және героин мен фентанилге ұқсас әсер етеді.

Сондай-ақ, бірнеше психотроптық заттарға тыйым салынды: 3-метоксифенциклидин және эутилон.

Фенциклидин — көктамырға салынатын анестезияға арналған синтетикалық фармакологиялық препарат. Ол 1950 жылдан бастап медициналық мақсатта қолданылған, бірақ көп ұзамай шамадан тыс уыттылыққа байланысты оны клиникалық тәжірибеде қолданудан бас тартылды. Көптеген елде есірткі ретінде танылған-синтетикалық галлюциноген.

Эутилон — синтетикалық психостимуляторлық зат. Биыл қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) оны ЕАЭО елдерінде әкелу және қолдану үшін бақыланатын тізімге енгізді.

Медициналық мақсатта қолданылатын және бақылаудағы психотроптық заттар тізіміне клоназолам, диклазепам, флубромазолам қосылды. Сондай-ақ, бақылаудағы прекурсорлардың (есірткі мен психотроптық заттарды заңсыз өндіруде жиі қолданылатын химиялық және өсімдік заттарының) тізіміне 4-метилпропиофенон кіреді.

Қаулы 2024 жылғы 6 ақпанда күшіне енеді.

Совминкада жаңа медициналық ғимараттар бой көтереді

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі аумағында жаңа медициналық ғимараттарды кезең-кезеңімен салу арқылы ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Жоба аясында инфрақұрылымның бір бөлігін жаңарту және заманауи көпсалалы медициналық кешен құру көзделген.

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға сәйкес бірқатар заңдарға қол қойды 

Конституция ережелерін жүзеге асыратын жаңа конституциялық заңдар.

Мыңдаған қазақстандық не үшін шетелде жұмыс істеп жүр?

2026 жылдың бірінші тоқсанындағы жағдай бойынша 148,6 мың қазақстандық шетелде еңбек етіп жүр.

1 шілдеден бастап ипотека өзгереді: Жаңа ереже кімге тиімді, кімге тиімсіз болады? 

Жаңа талаптарға сәйкес, ипотека мөлшерлемесі азаматтың бастапқы жарна көлеміне байланысты белгіленеді. Сонымен қатар қарыз алушылардың ресми табысына қойылатын талаптар күшейіп, банктер борыштық жүктемені бағалаудың қосымша көрсеткішін қолдана бастайды.