2023 жылдың 17 қазанында Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде Аршалы кентінің прокурор орынбасарымен, Астана қаласы бойынша ҚАЖД және «Атамекен» кәсіпкерлер филиал палатасының басшыларымен сотталғандарды жұмыспен қамтуы жоспарын жүзеге асыру және «Еңбек Аршалы» филиалының өндірістік қуатының арттыру жұмыс жиналысы өткізілді.
Жұмыс кездесуіне мекемедегі өз қызметін жүзеге асыратын ЖК басшылары да келді.
Жиналыс барысында талап қою міндеттемелері бар сотталғандарға жұмыс орындарының кеңейтілуі және мекемеде жаңа орта және шағын бизнес объектерінің ашылуы қарастырылды.
№2 мекемесінің бастығы Е.Т.Узакбаев «Мекемеде өндірістің дамуы сотталғандарға туысқандарына материалдық көмек көрсетуге және талап қою міндеттемелерін өтеуге қолайлы жағдай тудырады. Жұмыс істей отыра сотталғандар білім алып дағдыланады, кейін жазасын өтеп болған сон кез келген кәсіпорындарда тезірек бейімделуіне көмектеседі» – деді.


