12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Даулы мәселені сотқа дейін шешу әркім үшін тиімді жол

 «Ұрпағын адалдыққа тәрбиелеген қазақ кез келген келіспеушілікті кейінге қалдырмай, ортақ келісіммен шешуге тырысқан. Реніш ұлғайған сайын өкпеге ұласады, оның соңы ағайынның араласпауына, араздасуына алып келеді» деген бабаларымыз. 

«Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген тағылымды сөздің төркіні де осыдан шыққан. Әйтпесе, атадан, туғаныңнан қастерлі не бар? Осы отбасы бірлігін, ауыл-аймақ татулығын сақтаудың, кешіру, кектенбеу, келісімге келудің қалыптасқан дағдысы  қазақтың құқықтық негізінің қалануына, бітімгершіліктің орнығуына  түрткі болған сыңайлы. Тентегін түрмесіз-ақ түзеген сол дала заңын тәжірибеге енгізудің сәті енді келді.

Медиацияны жандандыру бойынша түрлі іс-шаралар атқарылып жатыр. Соның ішінде құзырлы орындармен түрлі келісім, меморандумдарға қол қойылып, қаншама медиация бұрыштары, татуластыру бөлмелері, медиация орталықтары ашылды. Кез келген сот ғимаратына кіріп барсаңыз, көрнекі жерде ілініп тұрған «Медиация туралы» заңды, медиативтік келісімге келудің тәртібін кеңінен түсіндірген жазбаларды көзің шалады. Ал көз үйренген жаңалыққа көңіл сенеді. Медиацияның тиімді, пайдалы екенін сөзбен насихаттап қоймай, медиаторлардың айтуымен нақты мысалдар арқылы  түсіндірудің де нәтижесі айтарлықтай зор.

«Татуластыру: сотқа дейін, сотта» жобасын қолға алуға түрткі болған себеп көп. Ең алдымен бұл сотқа түсетін істердің көптігімен байланысты. Арыз-шағымның, қаралатын істің өсуі судьялардың жүктемесін өсіріп қоймайды. Даудың туындауы тараптар арасындағы сыйластыққа сызат түсіреді. Дау қуып жүрген жұрттың негізгі жұмысы  қараусыз қалады, отбасынан береке кетеді, өзінің жүйкесі шаршайды. Ал  істі, сотқа жеткізбей татуластыру жолымен бітіру қаржылық жақтан да үнемді, уақыт жағынан да ұтымды, ең бастысы азаматтар соттың табалдырығын  тоздырғанша шаруасын қамдап, күш-қайратын нәтижелі іске жұмсайды.

Өкінішке орай, бүгінге дейін медиаторлар мен адвокаттар дауларды сотсыз шешуге тырыспайтын  көпшілігі бірігіп әрекет жасауға ынталы емес еді. Соның кесірінен азаматтар да көмектесетін, жолға салатын дауды шешудің тиімді жолын нұсқайтын мамандардың жоқтығынан келісімге келуге құлшынбайтын. Тіпті, тараптар өзара келісімге келгенде ортақ уәждің орындаларына сене бермейтін еді. Ал, «Татуластыру: сотқа дейін, сотта» жобасы осы мәселелерді біртіндеп жолға қойып, медиативтік келісімдер санының артуына қол жеткізіп келеді. Медиаторларды ынталандыру, медиация бөлмелері мен орталықтарын ашудың арқасында тараптар жаңа институттың пайдасын біліп, дауды мәмілемен бітіруге ынта танытуда.

Жаңаөзен қалалық сотының

әкімшісі 

Ш.Абилхасова

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...

ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТТЫҢ БЕЛСЕНДІ РӨЛІ

Елімізде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік...

Сотқа құрметтемеушілік білдірген – жауапкершілікке әкеледі

Қазақстан Республикасының заңнамасында сотқа құрметтемеушілік білдірген тұлғаларға қатысты жауапкершілік...

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар...

Почему нам нужны государственные центры медиации?

Считаю, что давно назрела необходимость создать государственные центры медиации...