Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев қамауға алынды

Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде алған жарақатынан 31 жастағы Салтанат Нүкенова қаза болды. Ол бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі болған.

Полиция ұсталған адамның жеке басын нақтыламай, оқиғаға қатысты пікір берді.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қаладағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, нәтижесінде бір әйел алған жарақатынан көз жұмған.

«Күдікті қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында Есіл аудандық ПБ мен ПД жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу» 201-бабына сәйкес, бұл қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтерді ұсыну мүмкін емес», — делінген хабарламада.

Қуандық Бишімбаев 2016 жылдың мамыры мен желтоқсаны аралығында ұлттық экономика министрі болған. Оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2017 жылдың қаңтарында ұстады.

Бұрынғы министрге қатысты сот төрт айдан аса уақытқа созылды. Бұл іске Бишімбаевпен бірге тағы 22 адам қатысты: «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ-ның бұрынғы қызметкерлері, кәсіпкерлер мен құрылыс компанияларының өкілдері.

2018 жылдың наурызында Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол пара алу және ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

2019 жылдың қазанында экс-министр бостандыққа шықты.

Филиппинде қуатты жер сілкінісі болды 

Жерасты дүмпулері Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аралы жағалауында тіркелген.

Болашақ зейнетақыны бүгіннен жоспарлауға бола ма? 

Қазақстандықтар болашақ зейнетақысының көлемін алдын ала есептей алады.

Совминкада жаңа медициналық ғимараттар бой көтереді

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі аумағында жаңа медициналық ғимараттарды кезең-кезеңімен салу арқылы ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Жоба аясында инфрақұрылымның бір бөлігін жаңарту және заманауи көпсалалы медициналық кешен құру көзделген.

Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға сәйкес бірқатар заңдарға қол қойды 

Конституция ережелерін жүзеге асыратын жаңа конституциялық заңдар.