Нұра ауданының пробация қызметі Астана қаласының әкімдігімен және «Нұра» ауданының прокуратурасымен бірлесіп сотталғандарды қоғамда әлеуметтендіру бойынша жұмысты жалғастыруда. Көмек аясында түрлі шаралар қарастырылған.
Оның ішінде балаларға арналған азық-түлік себеттерімен және кеңсе тауарларымен көмек көрсету түрінде қолдау көрсетіледі. Көмек жергілікті меценаттардың қаражаты есебінен көрсетіледі.



